Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
Осы редакция 2006 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: "Іс-шара" деген бағандағы реттiк нөмiрi 52-жолда "Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы" деген сөздер алынып тасталсын және "Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Заңының жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 117 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрi 47-жол алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында: "7. Мемлекеттік реттеу" деген бөлiмде: "7.5. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану" деген бөлімшедегі реттік нөмірі 7.5.9-жолдың 5-бағанында "2003" деген сандар "2004" сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|