«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарында:
«Әйелдерге қарсы зорлық» Г-бөлімі бойынша іс-қимылдар жоспарында:
реттік нөмірі 1-жолдың 6-бағанындағы «2000 ж.« деген сөздер «2007 ж. 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 25, 80-жолдар алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 365-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«4. Инфрақұрылым саясаты» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 4.1., 4.3-жолдар алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006 - 2007 жылдарға арналған перспективалық жоспары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 30-1, 31-2, 31-3, 31-4, 31-5, 31-6, 31-7, 31-8, 31-9, 31-10, 31-11, 31-12, 31-13, 31-14, 31-15, 31-16, 31-17, 31-18, 31-19, 31-20, 31-21, 31-22, 31-23, 31-24, 33-3, 33-4, 33-5, 33-6, 33-7, 33-8, 33-9, 33-10, 33-11, 33-12, 33-13, 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6, 35-7, 36-5, 36-6, 36-7, 36-8, 43-1, 43-2, 48-1, 50-1, 50-2-жолдармен толықтырылсын:
30-1. Концессия туралы | ЭБЖМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан |
31-2. Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы (жаңа редакция) | Қаржымині | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-3. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-4. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы (жаңа редакцияда) | АШМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-6. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы мәселе- лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АШМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-7. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | ҰҚК (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-8. Қазақстан Республикасы астана- сының мәртебесі туралы (жаңа редакция) | Астана қалаcының әкімдігi | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-9. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Астана қалаcының әкімдігi | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-10. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-11. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭБЖМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-12. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет мині, орталық атқа-рушы және өзге де мемлекеттік орган- дар (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-13. Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы | Әділет мині, орталық атқа-рушы және өзге де мемлекеттік орган- дар (келісім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-14. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ, мүдделі мемле-кеттік органдар | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-15. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы | АШМ, ДСМ, ИСМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-16. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ЖС (келісім бойынша), Әділет- минi туралы | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-17. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | ЭБЖМ | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-18. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҚНРА (келі сім бойынша) | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-19. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы | Әділетмині | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы | Әділетмині | 2006 жылғы 1-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-21. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық- атқару жүйесi мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-22. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-23. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сотқа құрметтемеушілік білдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЖС (келісім бойынша), Әділет- минi | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан |
31-24. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Әділетминi | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-3. Тауар биржалары туралы (жаңа редакция) | ИСМ | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-4. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы | Әділетминi | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-5. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сәйкестен- діру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерi мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Әділетминi | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-6. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | IIМ | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-7. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | АБА | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-8. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Еңбекмині | 2006 жылғы 2-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-9. Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы (жаңа редакция) | ИСМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиісті тауар нарығында үстем жағдайды иеленген табиғи монополия субъектілерінің және нарық субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-11. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭМРМ, ИСМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-12. «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ДСМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
33-13. «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰҚК (келісім бойынша) | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан |
35-1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы (жаңа редакция) | Әділетмині | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-3. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | IIМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | МАСМ, Әділетмині | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-5. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-6. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | ТЖМ | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
35-7. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеделіздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП (келісім бойынша), Әділетмині, IIМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ҰҚК (келі сім бойынша), ҚПА (келісім бойынша), ПКҚ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
36-5. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
36-6. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | ИСМ | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
36-7. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
36-8. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Еңбекмині | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан |
43-1. Тұрмыстық зорлық туралы | ІІМ, Әділетмині, ОӘІҰК (келісім бойынша) | 2007 жылғы 1-тоқсан | 2007 жылғы 1-тоқсан | 2007 жылғы 1-тоқсан |
43-2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | 2007 жылғы 1-тоқсан | 2007 жылғы 1-тоқсан | 2007 жылғы 1-тоқсан |
48-1. Мемлекеттік активтерді басқару туралы | ЭБЖМ | 2007 жылғы 3-тоқсан | 2007 жылғы 3-тоқсан | 2007 жылғы 3-тоқсан |
50-1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2007 жылғы 4-тоқсан | 2007 жылғы 4-тоқсан | 2007 жылғы 4-тоқсан |
50-2. Соғыс ардагерлері мен соғыс қимылдарына қатысушылардың мәртебесі туралы | Қорғанысмині | 2007 жылғы 4-тоқсан | 2007 жылғы 4-тоқсан | 2007 жылғы 4-тоқсан»; |
реттік нөмірлері 31, 32, 33, 33-2, 35, 36, 38, 40, 42, 51-1-жолдар алынып тасталсын; |
реттік нөмірі 36-3-жол мынадай редакцияда жазылсын: |
«36-3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2006 жылғы 3-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан | 2006 жылғы 4-тоқсан» |
реттік нөмірлері 36-4, 37, 39, 41 және 43-жолдардың 4-бағанындағы «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қаржымині - Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині - Қорғаныс министрлігі;
ЭМРМ - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
ҚПА - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ПКҚ - Президенттің күзет қызметі;
БП - Бас прокуратура;
ЖС - Жоғарғы Сот».
6. «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 617-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Нормативтік-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 1-бөлімнің 5-бағанындағы реттік нөмірі 8-жолдағы «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1295 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
«Жалпы мәліметтер» деген 1-бөліктің «Ел және халық (негізгі гендерлік сипаттамалар)» деген 1-бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық» деген кіші бөлімінің төртінші абзацындағы «2006 жылғы 2-тоқсанда» деген сөздер және «2005 - 2007» деген сандар тиісінше «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен және «2006 - 2007» деген сандармен ауыстырылсын.
8. «2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2007 ж. І тоқсан».