Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық (ҚР Үкіметінің 18.09.00 ж. № 1404; 28.03.01 ж. № 400; 19.12.01 ж. № 1654; 01.02.02 ж. № 151; 30.09.02 ж. № 1073; 14.01.03 ж. № 10; 14.05.03 ж. № 449; 22.01.04 ж. № 69; 03.06.04 ж. № 617; 2005.02.02. № 87; 2005.28.06. № 644 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 5 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алдағы кезеңге арналған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына сәйкес табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты тарифтік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мына құрамда Тариф саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. ҚР Үкіметінің 18.09.00 ж. № 1404; 28.03.01 ж. № 400; 19.12.01 ж. № 1654; 01.02.02 ж. № 151; 30.09.02 ж. № 1073; 14.01.03 ж. № 10; 14.05.03 ж. № 449;22.01.04 ж. № 69; 03.06.04 ж. № 617; 2005.02.02. № 87 (бұр. ред. қара); 2005.28.06. № 644 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгерді Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер- Даниал Кенжетайұлы Министрі, төраға Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет Зағипа Яхияқызы министрі; Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi; Жұмабаева - Қазақстан Республикасы Табиғи Әлия Маратқызы монополияларды реттеу агенттiгi Темір жол көлiгі мен порттар саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры, хатшы Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы; Дунаев - Қазақстан Республикасының Арман Ғалиасқарұлы Қаржы министрі Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Григорий Александрович бірінші орынбасары, төраға Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға Досаев - Қазақстан Республикасының Ерболат Асқарбекұлы Қаржы министрі Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрі Есенбаев - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрі Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрі Ким - Қазақстан Республикасының Георгий Владимирович Әділет министрі Школьник - Қазақстан Республикасының Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар министрі Нағманов - Қазақстан Республикасының Қажымұрат Ыбырайұлы Көлік және коммуникациялар министрі; Әбдиев - Қазақстан Республикасы Статистика Қали Сейілбекұлы жөніндегі агенттігінің төрағасы; 2. Қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комиссияға барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат мен материалдарды сұрау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың мамандарын жұмысқа тарту құқығы берілсін. 4. Барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолданылып жүрген заңдардың талаптарын ескере отырып Комиссияға сұраған ақпарат пен материалдарды беруге міндетті деп белгіленсін. ҚР Үкіметінің 30.09.02 ж. № 1073; 2005.02.02. № 87 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгерді 5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және шағын бизнесті қолдау агенттігіне Комиссияның жұмыс органының функциясы жүктелсін. 6. Комиссия: 1999 жылғы 15 қарашаға дейін мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде бұрын берілген табиғи монополиялар субъектілерінің көрсеткен қызметтеріне арналған тарифтер бойынша жеңілдіктердің тиімділігі және орындылығы жөніндегі мәселені қарасын. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсету тарифтерінен жеңілдіктер берудің тәртібі туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. ҚР Үкіметінің 30.09.02 ж. № 1073; 2005.02.02. № 87 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Тиісті министрліктер өздеріне қажетті материалдар келіп түскен сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және шағын бизнесті қолдау агенттігіне Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетулеріне арналған тарифтерді өзгертудің орындылығы туралы қорытынды ұсынады деп белгіленсін. 8. "Ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі № 965 қаулысының күші жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулысына қосымша Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже Осы Ереже саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) ұйымдастырудың және оның мәжілістерін өткізу мен шешімдерін қабылдаудың тәртібін айқындайды. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің басымдықтарына сәйкес баға және тарифтік саясатты жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволарының іс-қимылдарын үйлестіру және келісімге келтіру болып табылады. 1. Комиссияның міндеттері мен функциялары 1. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып айқындалсын: 1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардағы позициясын айқындау мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің келісілген тарифтік саясатын жасау; 2) тарифтік саясатты ұлттық компаниялардың индикативтік жоспарларымен өзара үйлестіру жөнінде келісілген іс-қимылды әзірлеу; 3) индикативтік макро-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, алдағы жылға тарифтік саясаттың келісілген деңгейін қалыптастыру туралы салааралық келісімдерді жасау жөніндегі ұсыныстарды келісу; 4) өнім және қызмет көрсету экспортын сақтауға және ұлғайтуға бағытталған отандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ импорт алмастыруды дамыту, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін сақтау және салық салу базасын кеңейту мақсатында икемді тарифтік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қарау; 5) салааралық, ішкісалалық және аймақтық баға тепе-теңдігі мен баланстарды сақтау тұрғысындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, икемді тарифтік реттеу әдістерін айқындау; 6) табиғи монополиялар субъектілері үшін қолданылып жүрген баға және тариф түзу әдістемелерін жетілдірудің жалпы принциптерін әзірлеу; 2. Комиссияның құқығы және өкілеттігі 2. Комиссия өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін: 1) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық атқарушы органдардан, ведомстволардан, ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті материалдарды және ақпаратты сұрауға және алуға; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, ұйымдардың, шетелдік сарапшылардың Комиссияның құзыретіне жататын мәселелерге байланысты қызметінде мамандарын сараптамалар мен консультациялар жүргізуге қатыстыруға құқылы; 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 3. Комиссияны Төраға басқарады. ҚР Үкіметінің 30.09.02 ж. № 1073; 2005.02.02. № 87 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және шағын бизнесті қолдау агенттігі болып табылады. 5. Комиссия мәжілісі, егер оған Комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып саналады. 6. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады, егер оған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Төраға дауыс берген шешім қабылданады. 7. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ондай жағдайда оның пікірі жазбаша түрде мазмұндалып, хаттамаға қоса тіркеледі. 8. Комиссия өткізген мәжілістердің нәтижелері бойынша Комиссия Төрағасы қол қойған хаттама жасалады. 9. Комиссия өз қызметінің шеңберінде жекелеген мәселелер мен проблемаларды терең және жан-жақты пысықтау үшін құрамына мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен сарапшылар тартылған уақытша жұмыс тобын құра алады. 10. Комиссия мәжілісі қажетіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. 11. Комиссияның мәжілістеріне материалдарды әзірлеу, іс қағаздарын жүргізу және құжаттамаларды сақтау комиссияның жұмыс органына жүктеледі. 12. Комиссияның жұмыс мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, мәжіліске кемінде 2 күн қалғанға дейін, Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
|