|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 1-тармақта: «Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға;»; «Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қасымбек Жеңіс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;»; «Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын; «Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»; «Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын; «Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың президенті» деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі; Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |