|
|
|
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы
ҚР Үкіметінің 1999.04.29. № 498 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 399 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия туралы Е Р Е Ж Е
ҚР Үкіметінің 1998.07.09. № 651 қаулысымен 1-тармақ өзгертіліді 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі № 608 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 37 қаулысына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы дербес ұйым болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет қаулыларын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерін, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және пестицидтерді, өзге де препараттарды қолдануды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдарының нормативті құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Экология және биоресурстар министрлігімен, Ғылым министрлігімен - Қазақстан Республикасының Ғылым академиясымен, Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетімен, Кеден комитетімен және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетпен, азаматтық авиация бөлімшелерімен және басқа ұйымдармен байланыста ұйымдастырылады. ҚР Үкіметінің 1998.07.09. № 651 қаулысымен 4-тармақ өзгертіліді 4. Қазақстан Республикасында пестицидтер мен басқа да препараттарды қолдану регламентін реттеу мақсатында Комиссия: адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз өсімдік қорғау құралдарын қолданудың биологиялық, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық регламенттерін зерттеу мен тексеруді ұйымдастырады; пестицидтер мен басқа препараттарды тіркеу және олардың қолдану аясын кеңейту үшін перспективалық түр-түрін белгілейді; препараттарды мемлекеттік тіркеуден өткізеді және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Экология және биоресурстар министрлігімен, Орман шаруашылығы комитетімен, Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетпен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығында пайдалану үшін рұқсат етілген пестицидтердің, биологиялық құралдардың, феромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштердің тізімін, меншік нысанына қарамастан, барлық табиғат пайдаланушылар үшін қолдану міндетті болып табылатын регламентімен халыққа сату үшін химиялық және биологиялық препараттардың, сондай-ақ басқа да әдістемелік және нормативтік материалдардың тізімін бекітеді; рұқсат етілген пестицидтердің және басқа құралдардың тізбесіне, осы құралдарды пайдаланудың аймақтағы экологиялық жағдайға қарай оларды қолдану технологиясына және зерттеулер нәтижелері бойынша жаңа мәліметтерге түзету енгізеді; адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсері пайда болған, бұрын анықталған немесе тіркеуге дейін өтініш беруші айтпағанда препараттың қауіптілігі туралы жаңа мәліметтер алынған жағдайда оны тіркеу мен пайдалануды тоқтату жөнінде шешім қабылдайды. Өтініш беруші препараттың адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықпалы туралы берген ақпаратының жалғандығы үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап береді; Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктерімен, мемлекеттік комитеттерімен және басқа орталық атқарушы органдарымен келісім бойынша тіркеу сынақтары мен тіркеулер өткізу жөнінде бірегей әдістемелік нұсқауларды, ережелерді бекітеді; конкурстық негізде бағдарламалар мен зерттеу жұмыстарын орындаушыларды белгілейді. Орындаушы ұсынылған зерттеулердің дұрыстығына толық жауап береді; 5 жылдан аспайтын мерзімге препараттарды тіркейді. Осы мерзім біткенде белгіленген тәртіппен олардың ерекшеліктері мен тиімділігі жөнінде осы уақыт ішінде жинақталған жаңа ақпаратты ескере отырып оларды қайта тіркеу жүргізіледі; дайындаушы фирмалармен және ұйымдармен жаңа тіркелген өсімдік қорғау құралдары мен оларды қолдану технологияларының көрсетілген сынақтарын келіседі; ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарға зерттеулер жүргізу үшін өтініш берушілерден қайтарымсыз негізде түскен пестицидтердің үлгілері мен қолданыстағы заттардың химиялық стандарттарының үлгілерін алуға рұқсат етеді; сынақтарды өткізуге және қаржыландыруға өтініш берушілермен және орындаушылармен шарттар жасайды; өтініш берушілерден пестицидтерді тіркегені үшін осы Ережеге сәйкес мөлшерде жарна алады; шартты негізде ақпараттық-құқықтық сипаттағы ақылы қызмет көрсетеді; тіркегені және ақылы қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жолданады; меншіктің түрлі нысанындағы ұйымдар мен тауар өндірушілерді олардың пестицидтер мен басқа да препараттарды тіркеуі, көрсету сынақтарын өткізу бөлігінде бақылау жасауға құқы бар; пестицидтерді, басқа да препараттарды қолдану регламентіне байланысты семинарлар, конференциялар ұйымдастырады және олардың жұмысына қатысады, қажет болған жағдайда мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктеріне, мемлекеттік комитеттеріне, басқа орталық атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді; өсімдік қорғау мен препараттарды қолдану мәселелері бойынша анықтамалықтар, буклеттер, басқа да арнаулы әдебиеттер шығарады. 5. Комиссия: жылына бір реттен кем емес Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктеріне, мемлекеттік комитеттері мен басқа да орталық атқарушы органдарына тыйым салынған, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпті, орындау үшін міндетті болып табылатын басқа да препараттарды әкелу мен қолданудың алдын алу мақсатымен оларды тіркеуден өткізудегі өзгерістер жөнінде хабарлап отыруға; пестицидтер мен басқа да препараттарды қолданудың ұтымды және қауіпсіз әдістерін насихаттауды жүзеге асыруға; өтініш берушіге тіркеу және сынақ тәртібіндегі өзгерістер жөнінде дер кезінде хабарлап отыруға; тіркеу сынаған жүргізу тәртібінде кемшілікке жол берілген жағдайда шарт бұзылады және келтірілген шығынды өтеуді талап етуге тиіс. 6. Комиссия заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерінде шоты: қазақ, орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген белгіленген үлгідегі мөрі, фирмалық бланкісі мен тіркелген куәлігі болады. 7. Комиссияны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі тағайындайтын төраға басқарады. Комиссия төрағасына өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтер үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.
ҚОСЫМША
Тіркеу жарналарының сомасы (АҚШ-тың мың долларымен)*
______________________________________________________________________ і Отандық і Шет елдік і өндіріс і өндіріс ______________________________________________________________________ Жаңа препарат 1,0 6,0 Жаңа препараттық нысан 0,5 3,0 Қолдану аясының кеңеюі 0,2 1,6 Қайта тіркеу 0,2 1,6 Уақытша тіркеу 0,5 3,0 ______________________________________ Ескерту: Жарналар төлем жасау сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің курсы бойынша теңгемен қабылданады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |