"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кейбір мәселелерi"
Осы редакция 2006 ж. 27 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекiтілген лимитi шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi құрылсын: 1) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күзетi)"; 2) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектiлерiнiң күзетi)"; 3) "Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 4) "Аягөз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 5) "Гвардейск гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 6) "Қарағанды гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 7) "Сарыөзек гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 8) "Талдықорған гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 9) "Тараз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 10) "Өскемен гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 11) "Шымкент гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 12) "Қапшағай гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 13) "Үшарал гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 14) "Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлiмi"; 15) "Ақтау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 16) "Атырау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 17) "Георгиевка гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 18) "Қостанай гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi"; 19) "Павлодар гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 20) "Петропавл гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 21) "Приозерск гарнизонының анықтау және іздестiру бөлiмшесi"; 22) "Орал гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi"; 23) "Щучинск гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi"; 24) "Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы"; 25) "1127-зат қоймасы". 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "4780-зат қоймасы" мемлекеттік мекемесi "Орталық зат қоймасы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия). 4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекеменiң мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|