Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның
Осы редакция 2006 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) 17-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 922 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар; 2) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі көрсетілген конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|