|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мынадай мазмұндағы 224-2-баппен толықтырылсын: «224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу 1. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушіге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектілерді салу кезеңінде қолданылады; 2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілерге өткізілетін, өзі өндірген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады. Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, онда осы тізбеде көрсетілген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген, өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің деңгейінен ерекшеленетін сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады. 2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізілгенін растайтын құжаттар: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты; 2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге тауарлардың тиеліп жіберілгенін растайтын, тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері; 3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушінің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады. 4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізілгенін растайтын құжаттар: 1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушілерге тауарлар беру шарты; 2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері; 3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.»; 2) 225-баптың 19) тармақшасы алып тасталып, 18) тармақшадағы «тауарларды;» деген сөз «тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 234-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердігерлері немесе қосалқы мердігерлері әкелген тауарлар импорты. Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердігерлері мен қосалқы мердігерлерінің тізбесін, сондай-ақ аталған тізбеге өзгерісті концессионер уәкілетті мемлекеттік органмен келіседі және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір инфрақұрылымдық жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тізбесін бекітеді.»; 4) 245-баптың 2-тармағындағы «222-224-1-баптарында» деген сөздер «222-224-1, 224-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын: «2-2) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар; 2-3) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;»; 6) 5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Параграф 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары, базарлар мен казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары, базарлар мен казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Елді мекендердің казино орналасқан жерлеріне осы Кодекстің 332-бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс. Казино орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, жақын жатқан елді мекендер жерлері үшін осы Кодекстің 332-бабында белгіленген, елді мекендердің жерлеріне арналған базалық ставкалар бойынша одан он есе ұлғайтылған мөлшерде салық салынуға тиіс. Елді мекеннің жерлеріне салықты есептеу кезінде қолданылатын базалық ставкаларды жергілікті өкілді орган белгілейді. Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 332-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.»; 8) 393-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін: ойын үстелі; бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы; біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда); тотализатор кассасы; букмекерлік кеңсе кассасы; электрондық рулетка; 2) ақшасыз ұтыс ойын автоматтары қызметін көрсететін салық төлеушілер үшін: бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы; біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы; ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер;»; 9) 394-бап мынадай редакцияда жазылсын: «394-бап. Тіркелген жиынтық салық ставкалары Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бекітілген базалық ставкалар шегінде жергілікті өкілді органдар қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілейді.». 2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 6-сы. № 140-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |