|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.13.05. № 389 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 2, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы): 51-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "несие берушілерінің талаптары" деген сөздерден кейін ", егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы): 1) 797-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, тауар қоймалары тауарларды иесіздендіріп сақтауға қабылдағанын растайтын қос немесе жай қойма куәліктерін беруге міндетті."; 2) 799-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Заңнамалық актілерде қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына өзге де талаптар белгіленуі мүмкін.".
Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |