|
|
|
3-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IFRS 3)
Мақсаты 1 Осы Стандарттың мақсаты бизнесті біріктіруді және оның нәтижелері жөнінде есеп беруші ұйым қаржылық есептілігінде беретін ақпараттың салғастырымдылығын, сенімділігін және салыстыру мүмкіндігін жақсарту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, осы ХҚЕС-ты (IFRS) сатып алушы төмендегі қағидаттар бойынша жүзеге асатын талаптар қояды: (a) қаржылық есептілігінде сатып алынған сәйкестендірілетін индекстелген активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатын ұйымдағы кез келген бақылауға салынбайтын пайыздарды тану және бағалау; (b) ұйымдарды біріктіруде алынған гудвилл немесе тиімді сатып алудан түскен кірісті тану және бағалау; және (c) қаржылық есептіліктерді, қолданушыларға ұйымдарды біріктірудің сипатын және қаржылық нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беру үшін, қандай ақпаратты ашып көрсету керектігін анықтау.
2 Осы Стандарт ұйымдар бірігуі анықтамасына сай келетін операцияға немесе басқа оқиғаға қолданылуы тиіс. Осы Стандарт мынау -тармақтарға қолданылмайды: (а) бірлескен қызметті ұйымдастыру үшін; (b) бизнесті құрамайтын активтер немесе активтер тобын сатып алу үшін. Осындай жағдайларда сатып алушы сатып алынған жеке бірегейлендіруге болатын активтерді (38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-ындағы (IAS) анықтамасына және тану шарттарына сай келетін активтермен қоса) және қабылданған міндеттемелерді бірегейлендіруі және тануы тиіс. Мұндай топталған сатып алулардың құнын активтердің және міндеттемелердің әділ құнын негіздеп сатып алған күні тануы тиіс. Мұндай операциялар гудвилдің тууын болдырмайды. (c) ортақ бақыланатын ұйымдар немесе кәсіпкерліктердің бірігуіне (В1-В4 -тармақтары тиісті нұсқаулар береді); 2A Пайда мен залал арқылы әділ құнмен өлшенген еншілес компанияға салынған инвестиция бұл стандарттың талаптары 10-шы ХҚЕС-те Шоғырландырылған Қаржы Есептіліктері анықталғандай, инвестициялық ұйым арқылы болған сатып алуға қолданылмайды. Ұйымдарды біріктіруді анықтау 3 Ұйым осы ХҚЕС-тағы (IFRS) сатып алынған активтердің және қабылданған міндеттемелердің бизнесті құрауын талап ететін анықтаманы қолдану арқылы транзакция немесе басқа оқиға ұйымдар біріктірілулеріне жатқызылуы-жатқызылмауын анықтауы тиіс. Егер сатып алынған актив бизнеске жатқызылмайтын болса, есеп беруші ұйым транзакция немесе басқа оқиғаны актив сатып алу ретінде есепке алуы тиіс. В5-В12 -тармақтары ұйымдар бірігуін және бизнес анықтамасын идентификациялау бойынша нұсқаулар береді. Сатып алу әдісі 4 Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, есепке алынады. 5 Сатып алу әдісін қолдану мынадай кезеңдерді қамтиды: (а) сатып алушыны анықтау; (b) сатып алу күнін анықтау; (с) сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатын ұйымдағы кез келген бақыламайтын пайыздарды тану және бағалау; және (d) тиімді сатып алудан келген гудвиллдынемесе кірісті тану және бағалау. Сатып алушы ұйымды бірегейлендіру 6 Барлық бизнес бірлестіктері үшін бірігуші ұйымдардың бірі сатып алушы ретінде айқындалуы тиіс. 7 Сатып алушыны - сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын ұйымды - айқындау үшін 10ХҚЕС-ындағы (IAS) нұсқаулар қолданылуы тиіс. Егер ұйымдар біріктірілуі жасалса, бірақ 27 ХҚЕС-ындағы (IAS) нұсқаулары ұйымның қайсысы сатып алушы болатындығын анық көрсетпейтін болса, анықтау кезінде В14-В18 -тармақтарындағы факторлар ескерілуі тиіс. Сатып алу күнін анықтау 8 Сатып алушы ұйым, сатылатынұйымды басқару құзыретіне ие болатын күн, болып табылатын сатып алу күнін анықтауы тиіс. 9 Сатып алушы сатылатын ұйымды басқару құзыретіне ие болатын күн, негізінен сатып алушы заңды түрде сыйақыны аударатын, сатылатын ұйымның активтерін сатып алатын және міндеттемелерін қабылдайтын күн - жабылу күні, болып табылады. Дегенмен, сатып алушы басқару құзыретіне жабылу күнінен ертерек немесе кешірек болатын күні ие болуы мүмкін. Мысалы, егер жазбаша келісім сатып алушынының басқару құзыретіне жабылу күніне дейінгі күні ие болуын қамтамасыз ететін болса, сатып алу күні жабылу күнінен бұрын болады. Сатып алушы сатып алу күнін анықтау кезінде, барлық қатысты ақпараттарды және жағдайларды ескеруі тиіс. Сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатынұйымдағы кез келген бақыламайтын пайыздарды анықтау және бағалау Тану қағидаты 10 Сатып алу күні тәрізді, сатып алушы сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді және сатылатынұйымдағы кез келген бақыламайтын пайыздарды, гудвиллдан бөлектеп, тануы тиіс. Сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді және қабылданған міндеттемелерді тану 11 және 12 -тармақтардағы шарттарда көрсетілген. Тану шарттары 11 Сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде тану талаптарына сай болуы үшін, сатып алынған сәйкестендірілетін активтер мен қабылданған міндеттемелер сатып алу күнінде Қаржылық есептіліктерді даярлау және ұсыну негіздеріндегі[1] активтер мен міндеттемелердің анықтамасына сай келуі керек. Мысалы, сатып алушы сатылатын ұйымның қызметінен шығу жоспарын жүзеге асыруға немесе оның еңбек келісімін тоқтатуға немесе сатылатын ұйымның қызметкерлерін ауыстыруға болашақта жұмсалады деп күтетін, бірақ жұмсалуы міндетті емес шығындар сатып алу күнгі міндеттемелер болып табылмайды. Сондықтан, сатып алушы сол шығындарды сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде танымайды. Оның орнына, сатып алушы сол шығындарды, басқа ХҚЕС-тарына (IFRS) сәйкес, өзінің біріктіруден кейінгі қаржылық есептіліктерінде мойындайды. 12 Сонымен бірге, сатып алу әдісін қолданудың бір бөлігі ретінде тану талаптарына сай болуы үшін, сатып алынған сәйкестендірілетін активтер мен қабылданған міндеттемелер бөлек операциялардың нәтижесі емес, сатып алушы және сатылатын ұйым (немесе оның бұрынғы иелері) ұйымдардың бірігуі операциясында айырбастағандарының бір бөлігі болуы тиіс. Сатып алушы қандай сатып алынған активтер немесе міндеттемелер сатылатын ұйым орнына айырбастың бір бөлігі болатынын және қандай, егер болса, активтер немесе міндеттемелер олардың сипатына және қоданыстағы ХҚЕС-тарына (IFRS) сәйкес есепке алынуы тиіс бөлек оперциялардың нәтижесі болатынын анықтау үшін 51-53 -тармақтардағы нұсқауларды қолдануы тиіс. 13 Сатып алушының тану қағидатын және шарттарын қолдануының нәтижесінде, сатылатын ұйым бұрын өз қаржылық есептіліктерінде актив және міндеттеме деп танымаған кейбір активтер мен міндеттемелер сатып алушының қаржылық есептіліктерінде танылуына әкелуі мүмкін. Мысалы, сатылатын ұйым ішінде дамытылғандықтан және осыған байланысты шығындарды шығыс шотына тіркеп, өз қаржылық есептіліктерінде актив және міндеттеме деп танымаған брэнд атауы, патент немесе тұтынушымен қарым - қатынас сияқты материалдық емес активтерді сатып алушы енді сатып алынған сәйкестендірілетін материалдық емес активтер ретінде таниды. 14 В28-В40 -тармақтарында қолданыстағы жалдауды және материалдық емес активтерді тану бойынша нұсқаулар берілген. 22-28 -тармақтары құрамына осы ХҚЕС (IFRS) бойынша тану қағидатынан және шарттарынан шектелген түрде тысқары болатын баптар, кіретін сәйкестендірілетін активтер мен міндеттемелердің түрлерін айқындап көрсетеді. Ұйымдарды біріктіруде сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді, қабылданған міндеттемелерді жіктеу немесе көрсету 15. Сатып алу күнінде, сатып алушы ұйым басқа ХҚЕС-тарды (IFRS)кейін қолдану қажеттілігіне қарай сатып алынған бірегейлендіруге болатын активтерді және қабылданған міндеттемелерді жіктеуі немесе көрсетуі тиіс. Сатып алушы сатып алу күнінде бар келісімшарттық шарттар, экономикалық жағдайлар, өзінің қызмет ету және есеп саясатының және басқа қатысты шарттар негізінде жіктеуі немесе көрсетуі тиіс. 16 Кейбір жағдайларда, ХҚЕС-тар (IFRS) ұйымның нақты активті немесе міндеттемені қалай жіктегеніне немесе көрсеткеніне қарай әртүрлі есептерді қарастырады. Сатып алушы қатысты сатып алу күнінде баршарттар негізінде жасауы тиіс жіктеу немесе көрсетудің мысалдарына төмендегілер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді: (a) 9 Қаржы құралдары ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес, нақты қаржылық активті және міндеттемелерді пайда немесе залал арқылы анықталған әділ құны бойынша есепке алынатын қаржылық актив және міндеттемелер ретінде немесе сату үшін қолда бар немесе өтеуге дейін сақталатын қаржылық актив ретінде жіктеу; (b) 39 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес туынды құралды хедждирлеу құралы ретінде көрсету; және (c) орнықтырылған туынды құралдың 9 ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес негізгі келісімнен бөлінуі тиіс-тиіс еместігін анықтау (бұл осы ХҚЕС-та «сыныптау» термині қолданылатын мағынасындағы сынаптау мәселесі болып табылады). 17 Осы ХҚЕС-та (IFRS) 15-тармақтағы қағидатқа кірмейтін екі жағдай берілген: (a) жалдау келісімшартын, 17 Жалдау ХҚЕС-ына(IAS) сәйкес, қолданыстағы жалдау немесе қаржылық жалдау ретінде жіктеу; және (b) келісімшартты 4 Сақтандыру келісімшарттары ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес «сақтандыру келісімшарты» ретінде жіктеу. Сатып алушы ұйым сол келісімшарттарды келісімшарттың басталу мерзіміндегі (немесе, егер келісімшарттың шарттары оның жіктелуін өзгертетіндей етіп түрлендірілген болса, сатып алу күнімен сәйкес келуі мүмкін сол түрлендіру күніндегі) келісімшарттық шарттар және басқа факторлар негізінде жіктеуі тиіс. Бағалау қағидаты 18 Сатып алушы ұйым сатып алынған сәйкестендірілетін активтерді және қабылданған міндеттемелерді олардың сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бағалауы тиіс. 19 Әрбір ұйымдар бірлестігі үшін, сатып алушы сатылатын ұйымдағы осы шақта меншікті пайыздар болып табылатын және ұйым жойылған кезде ұстаушыларға ұйымның барлық активтерінің пропорциялық үлесін иемдену құзыретін беретін кез келген бақыламайтын пайыздардың компоненттерін сатып алу күнінде бағалауы тиіс: (a) әділ құны бойынша; немесе (b) сатылатын ұйымның бірегейленуге келетін барлық активтерінің осы шақтағы меншікті құралдардың пропорциялық үлесіне сәйкестанылған сомалары түрінде. Бақыламайтын пайыздардың барлық басқа компоненттері сатып алу күніндегі әділ құндары бойынша, ХҚЕС (IFRS) өзге бағалау негізін талап етпесе, бағалануы тиіс. 20. 24-31 -тармақтарда құрамына осы ХҚЕС(IFRS) бойынша бағалау қағидатына кірмейтін шектелген жағдайларды айқындап көрсететін баптар кіретін сәйкестендірілетін активтердің және міндеттемелердің түрлері көрсетілген. Тану және бағалау қағидаттарына кірмейтін жағдайлар 21 Осы ХҚЕС-та (IFRS) тану және бағалау қағидаттарына кірмейтін шектелген жағдайлар берілген. 22-31 -тармақтарында қағидатқа кірмейтін жағдайлары берілген нақты баптар және сол жағдайлардың сипаты айқындалған. Сатып алушы сол 22-31 -тармақтардағы талаптарды қолданып, есепке алуы тиіс, бұл нәтижесінде кейбір баптардың төмендегідей болуына әкеледі: (a) 11 және 12 -тармақтардағы талаптарға қоса тану шарттарын қолданып немесе басқа ХҚЕС-тардағы (IFRS) талаптарды қолданып танылады, бұның нәтижесінде, басқа тану және бағалау шарттарын қолданудан болады. (b) сатып алу күнгі әділ құнынан басқа құн бойынша бағаланады. Тану қағидатына кірмейтін жағдайлар Шартты міндеттемелер 22 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС-ында (IAS) шартты міндеттеме анықтамасы төмендегідей: (а) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымдардың бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе (b) бұрынғы оқиғалардан туындайтын, бірақ төмендегі себептерге байланысты танылмайтын ағымдағы міндеттеме: (і) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе (іі) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен. 23 37 ХҚЕС-тағы (IAS) талаптар сатып алу күнінде қандай шартты міндеттемелердің танылуын анықтау үшін қолданылмайды. Оның орнына, сатып алушы сатып алу күнінде, егер бұл бұрынғы оқиғалардан туындайтын ағымдағы міндеттеме болса және оның әділ құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса, ұйымдардың бірігуінде қабылданған шартты міндеттемені тануы тиіс. Сондықтан, 37 ХҚЕС-та (IAS) керісінше, сатып алушы сатып алу күнінде, тіпті экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенім жоқ болса да, ұйымдардың бірігуінде қабылданған шартты міндеттемені мойындайды. 56 -тармақ ішіндегі шарты, міндеттемелерді кейінгі есепке алу бойынша нұсқаулар берілген. Тану және бағалау қағидаттарының екеуіне де кірмейтін жағдайлар Табысқа салынатын салықтар 24 Сатып алушы 12 Табысқа салынатын салықтар ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес ұйымдардың бірігуінде сатып алынған активтерден және міндеттемелерден туындайтын кейінге қалдырылған салықтық активті немесе міндеттемені тануы және бағалауы тиіс. 25 Сатып алушы сатылатын ұйымның сатып алу күнінде бар немесе сатып алу нәтижесі ретінде туындайтын уақытша айырмашылықтарының және келесі кезеңге өткізілетін баптарының әуелетті салықтық әсерін 12 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес есепке алуы тиіс. Қызметкерге төленетін ақы 26 Сатып алушы сатылатын ұйымның қызметкерлерге төленетін ақы жөніндегі келісімдеріне қатысты міндеттемені (немесе, бар болса, активті) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес тануы және бағалауы тиіс. Шығындардың орнын толтыруға арналған активтер 27 Ұйымдар бірігуінде сатушы келісімшарт арқылы сатып алушыға нақты актив немесе міндеттеменің барлығына немесе бөлігіне қатысты кездейсоқтық немесе белгісіздік зардаптарының орын толтыра алады. Мысалы, сатушы сатып алушыға міндеттемеге жұмсалатын нақты белгіленген мөлшерден жоғары болатын белгілі бір кездейсоқтықтан туындайтын шығындардың орнын толтыра алады; басқа сөзбен айтқанда, сатушы сатып алушыныың міндеттемесі нақты белгіленген мөлшерден аспауына кепілдік береді. Осының нәтижесінде, сатып алушы шығындардың орнын толтыруға арналған активтерге ие болады. Сатып алушы шығындардың орнын толтыруға арналған активтерді, төленуі сенімсіз мөлшерлер үшін бағалау түзетулерінің қажеттілігіне байланысты орны, толтырылған бап бағаланатын негізде бағаланған орны толтырылған бапты танумен бір уақытта тануы тиіс. Сондықтан, егер орнын толтыру, сатып алу күнінде танылатын және сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланатын активке немесе міндеттемеге қатысты болса, сатып алушы сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланған шығындардың орнын, толтыруға арналған активтерді, сатып алу күнінде тануы тиіс. Сатып алу күнгі әділ құны бойынша бағаланған шығындардың орнын толтыруға арналған актив үшін, қайтарымдылықты ескеру салдарынан, болашақ ақша қозғалыстары жөніндегі белгісіздіктің әсерлері әділ құны бойынша бағалауға қосылады және бөлек бағалау түзетулерінің қажеті жоқ (В41 -тармағында тиісті қолдану нұсқаулары берілген). 28 Кейбір жағдайларда, орнын толтыру тану немесе бағалау қағидаттарына кірмейтін жағдай болып табылатын активке немесе міндеттемеге қатысты болуы мүмкін. Мысалы, орнын толтыру сатып алу күнінде әділ құнын сенімді түрде сол күні бағалау мүмкін болмағандықтан танылмайтын шартты міндеттемеге қатысты болуы мүмкін. Керісінше, орнын толтыру мысалы, сатып алу күніндегі әділ құнынан басқа негізде бағаланатын қызметкерге төленетін ақы нәтижесінде болатын активке немесе міндеттемеге қатысты болуы мүмкін. Осындай жағдайлардан олардың орнын толтыруға арналған активтер орны толтырылатын бапты бағалауға қолданылғандарға сәйкес келетін болжамды есептерді қолданып, басшылықтың шығындардың орнын толтыруға арналған активтердің қайтарымдылығын анықтауына қарай және орнын толтыру сомасына қойылатын кез келген келісімшарттық шектеулерге қарай, танылуы және бағалануы тиіс. 57 -тармақта шығындардың орнын толтыруға арналған активтерді кейінгі есепке алу бойынша нұсқаулар берілген. Бағалау қағидатына кірмейтін жағдайлар Қайта алынған құқықтар 29 Сатып алушы материалдық емес актив ретінде, нарықтық қатысушылардың оның әділ құнын анықтауда әуелі келісімшарттық мерзімді созуды ескеруі-ескермеуіне қарамастан, қатысты келісімшарттың қалған келісімшарттық шартының негізінде танылған қайта алынған құқықтың құнын бағалауы тиіс. В35 және В36 -тармақтарында тиісті қолдану нұсқаулары берілген. Акцияға негізделген төлемдер операциялары 30 Сатып алушы 2 Акциялар негізіндегі төлемдер ХҚЕС-ындағы (IFRS) әдіске сәйкес сатылатын ұйымның акцияға негізделген төлемдер операцияларын сатып алушының акцияға негізделген төлемдер операцияларымен ауыстыруға қатысты міндеттемені немесе үлестік құралды бағалауы тиіс. (Осы ХҚЕС (IFRS) сол әдістің акцияға негізделген төлемдер операциялар «нарыққа негізделген бағалау» ретіндегі нәтижесін көрсетеді.) Сатуға арналған активтер 31 Сатып алушы, 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес, сатып алу күнінде сатуға арналған деп, жіктелетін сатып алынған ұзақ мерзімді активті (немесе ақшаға айналдырылатын активтер тобын) сол ХҚЕС-ының (IFRS) 15-18 -тармақтарына сәйкес, сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағалауы тиіс.
Тиімді сатып алудан алынған гудвиллдынемесе кірісті тану және бағалау 32 Сатып алушы сатып алу күнінде төмендегі (а)-ның (b)-дан артықшылығы ретінде бағаланған гудвиллдытануы тиіс: (a) төмендегілердің жиынтығы: (i) негізінен сатып алу күніндегі әділ құнды талап ететін, осы ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес бағаланған аударылған сыйақы (37- -тармақты қараңыз); (ii) осы ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес бағаланған, сатылатын ұйымдағы кез келген бақыламайтын пайыздың мөлшері; және (iii) сатылы түрде қол жеткізілген ұйымдардың бірігуінде (41 және 42 -тармақтарды қараңыз) сатып алушының сатылатын ұйымдағы бұрын иеленген үлестік пайызының сатып алу күніндегі әділ құны (b) осы ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес бағаланған сатып алынған сәйкестендірілетін активтердің және қабылданған міндеттемелердің сатып алу күніндегі таза мөлшерлері. 33 Сатып алушы және сатылатын ұйым (немесе оның бұрынғы иелері) тек үлестік пайыздарын айырбастайтын ұйымдарды біріктіруде, сатылатын ұйымның үлестік пайыздарының сатып алу күніндегі әділ құны сатып алушының үлестік пайыздарының сатып алу күніндегі әділ құнына қарағанда сенімді бағаланатын болуы мүмкін. Олай болса, сатып алушы гудвиллдың мөлшерін аударылған үлестік пайыздарының сатып алу күніндегі әділ құнының орнына сатылатын ұйымның үлестік пайыздарының сатып алу күніндегі әділ құнын қолдану арқылы анықтауы тиіс. Ешқандай сыйақы аударылмаған ұйымдарды біріктіруде гудвиллдың мөлшерін анықтау үшін, сатып алушы аударылған сыйақының сатып алу күніндегі әділ құнының орнына, бағалау тәсілін қолданып, анықталған сатып алушының сатылатын ұйымдағы пайыздарының сатып, алу күніндегі әділ құнын қолдануы тиіс (32 (а) (і) -тармақ ). В46 В49 -тармақтарында тиісті қолдану нұсқаулары берілген. Тиімді сатып алу 34 Кейде сатып алушы 32(b) тармағындағы мөлшер 32(а) тармағында көрсетілген сомалардың жиынтығынан артық болатын ұйымдарды біріктіру болып табылатын тиімді сатып алу жасайды. Егер сол артықшылық 36 -тармақтағы талаптарды қолданғаннан кейін сақталып қалатын болса, сатып алушы нәтижесіндегі кірісті сатып алу күнінде пайда немесе залал арқылы тануы тиіс. Кіріс сатып алушыға жатқызылады. 35 Тиімді сатып алу, мысалы сатушы сатуға міндетті болатын мәжбүр сауда болып табылатын ұйымдарды біріктіруде болуы мүмкін. Дегенмен, 22-31 -тармақтарда талқыланған кейбір баптар үшін тану немесе бағалауға кірмейтін жағдайлар тиімді сатып алудан түскен кірісті тануға әкелуі (немесе танылған кіріс мөлшерін өзгертуі) мүмкін. 36 Тиімді сатып алудан түсетін кірісті танудың алдында, сатып алушы сатып алынған барлық активтерді және қабылданған барлық міндеттемелерді дұрыс бірегейленеді ме жоқ па қайта анықтауы тиіс және сол шолу кезінде бірегейленген кез келген қосымша активтерді немесе міндеттемелерді тануы тиіс. Сатып алушы сосын осы ХҚЕС (IFRS) бойынша сатып алу күнінде төмендегілердің барлығы бойынша тану талап етілетін сомаларды бағалауға қолданылған амалдарын шолуы тиіс: (a) сәйкестендірілетін сатып алынған активтер және қабылданған міндеттемелер; (b) бар болса, сатылатын ұйым бақыламайтын пайыз; (c) сатылы түрде жасалған ұйымдардың бірігуінде, сатып алушының сатылатын ұйымдағы бұрын иеленген үлестік пайызы; және (d) талқылауға аударылған.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |