|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 3-тармақта: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;"; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ақпараттық жүйелерді, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның ішінде олардың сәйкестігін растау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу»; сегізінші абзацында «іске асыруға ықпал ету» деген сөздер «іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың жетінші абзацындағы «іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады» деген сөздер «іске асырылуы барысы туралы мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды» деген сөздермен ауыстырылсын; «Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады» деген сөздер «заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауаптылықта болады» деген сөздермен ауыстырылсын; «орынбасары орындайды» деген сөздер «төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.»; екінші абзац «берілуге» деген сөзден кейін «және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші абзацта «отырысқа қатысқан» деген сөздер «міндетті түрде оның барлық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Айткешұлы - Қазақстан Республикасының Премьер- Бейбітқали Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Әлжанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Батырбек Асылбекұлы Төрағасының орынбасары
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Байәділов - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Ерғали Мұхамеджанұлы Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісi
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және Жеңіс Махмұдұлы коммуникация вице-министрi
Лукин - Қазақстан Республикасы Экономикалық Андрей Иванович қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Әділет вице- Серік Пикұлы министрi
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Болат Әбілқасымұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi
Слободянюк - Қазақстан Республикасының Премьер- Анатолий Ануфриевич Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімi меңгерушісінің орынбасары
Темірболатов - Қазақстан Республикасы Бас Серік Ғабдоллаұлы прокуратурасының Аппарат басшысы
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы Берік Шолпанқұлұлы министрлігінің Қазынашылық комитетi төрағасының орынбасары
көрсетілген құрамнан Өтембаев Ерік Мылтықбайұлы, Галишев Артур Хисметович, Әбілғазин Талғат Байтемірұлы, Асанов Жақып Қажманұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Елемесов Асқар Раушанұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |