Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі Осы редакция 2006 ж. 20 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған: 1) Комиссия құрамы; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн: атауындағы және мәтіндегі "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын; 1 және 2-тармақтардағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде: атауындағы және 1-тармақтағы "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті" деген сөздер алынып тасталсын; мәтіндегі ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі", ", ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң", "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi болып табылады.". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 9 шiлдедегі № 751 қаулысымен бекітілген Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады. 2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары 3. Комиссияның мiндеттерi: ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу; ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; ақпаратты және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актілердің жобаларын қарау; ақпаратты және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау; ақпаратты қорғау саласындағы бағдарламалық өнiмдердi, жабдықтарды лицензиялау және сертификаттау жөніндегі мәселелердi қарау; мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау; ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды iске асыруға ықпал ету; мемлекеттік бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады. 4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес: Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi; ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды; ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды; ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды; ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттік комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады; ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды. 5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия: мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға; заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзуге; сараптамалар мен консультациялар өткізу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға; оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. 4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру 6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. 7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi. 8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмi атқарады. 9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге тиiс. Комиссия мәжілістерiн өткізу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған отырысқа қатысқан мүшелерi қол қояды. Үкіметінiң 2004 жылғы 9 шілдедегi № 751 қаулысымен бекітілген Ақпараттық қауiпсіздіктi қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер- Алтай Абылайұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, төраға Өтембаев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Ерiк Мылтықбайұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшылығының меңгерушiсi, төраға орынбасары (келісім бойынша) Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер- Серiк Баужанұлы Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмiнiң меңгерушiсi, төрағаның орынбасары Галишев - Қазақстан Республикасының Премьер- Артур Хисметович Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлiмi меңгерушісінің орынбасары, хатшы Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк Талғат Байтемiрұлы және коммуникациялар вице-министрi Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Жақып Қажманұлы вице-министрi Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім Геннадий Николаевич және ғылым бiрiншi вице-министрi Досжан - Қазақстан Республикасының Ақпарат Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрi Елемесов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Асқар Раушанұлы Банкi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Есекеев - Қазақстан Республикасының Қуанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы Вадим Павлович істер министрінің орынбасары Исекешев - Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi Күренбеков - Қазақстан Республикасы Президентінің Амантай Жәнкеұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары (келісім бойынша) Мажренов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Жомарт Рахымбекұлы қауiпсiздiк комитетiнің қызмет директоры (келісім бойынша) Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Николай Николаевич министрiнің орынбасары Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Алик Жатқамбайұлы вице-министрi |