|
|
|
Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 175 қаулысымен күші жойылды
Осы редакция 2006 ж. 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 1999 жылғы 25 тамыздағы № 1236 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандары мен оларды берудің тәртібі
1. Мемлекеттік үлгідегi құжаттардың нысандары
1. Куәлiк, аттестат, куәлiктеме және диплом қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткенiн куәландыратын және білім берудiң және (немесе) біліктіліктiң тиiстi деңгейiнiң (сатысының) мемлекеттік жалпы мiндеттi стандартын меңгергенiн растайтын құжаттардың түрлерi болып табылады. 2. Бiтiргенi туралы куәландыратын құжаттың (құжаттардың) түрi: 1) жалпы білім беретiн оқу орындарының негiзгi сатысында куәлiк болып табылады; 2) жалпы білім беретiн оқу орындарының жоғары сатысында аттестат болып табылады; 3) бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарының даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру курстарында куәлiктеме (куәлiк) болып табылады; 4) бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады; 5) орта кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады; 6) жоғары кәсiптiк білім беретiн оқу орындарында диплом болып табылады. 3. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткендерге мемлекеттік үлгiдегi тиiстi құжат берiледi. 4. Барлық түрдегi мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бет жағы 16х11 см мөлшерде қатты мұқабалы ледериннен жасалады: 1) күңгiрт-көк түс мемлекеттік үлгiдегi әдеттегi құжаттар үшін; 2) көк түс үздiк белгiсi бар барлық мемлекеттік үлгідегі құжаттар үшін; марапатталғандардың мемлекеттік үлгiдегi аттестаттары үшiн. 5. Барлық түрдегi мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бет жағының жоғары бөлiгiне бедерлi-штамптық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, төменгi бөлiгiне мемлекеттік және орыс тілдерiнде құжат түрiнiң атауы орналастырылады. 6. Мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың iшкi жағының мазмұны (қолмен жазылатын деректердi есептемегенде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының кескiнi бар, қорғалу дәрежесiндегi арнайы қағазға баспаханалық тәсiлмен қара түспен басылады. 7. Мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың iшкi сол жағына мазмұны мемлекеттік тiлде, ал оң жағына дәл сондай мазмұны орыс тілінде көрсетiледi. 8. Үздiк белгiсi бар мемлекеттік үлгідегi құжаттардың iшкi жақтарына құжат түрi атауының төменгi жағынан баспаханалық тәсiлмен қызыл түспен "Үздiк" және "С отличием" деген сөздер басылады. 9. "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталғандарға арналған аттестаттардың iшкi жағына құжат түрi атауынан төмен баспа тәсiлiмен, қола түспен "Алтын белгi" деген сөздер басылады. 10. Мемлекеттік үлгідегi барлық құжаттың түрiнiң жетi таңбалы нөмiрлерi (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының нөмiрленуi сияқты) болады. 11. Мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi, оларға жазылатын жазу iрi, каллиграфиялық, тушпен (сиямен) орындалатындай тұрғыда жасалуы тиiс. 12. Барлық полиграфиялық операциялар орындалғаннан кейiн iшкi жағы арнайы желiммен мұқабаға жапсырылады.
2. Мемлекеттік үлгідегі құжаттарды берудiң тәртібі
13. Мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн (оның iшiнде үздiк белгiсi бар құжаттарды да) өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары: 1) облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармаларына (департаменттерiне) қажеттi мөлшерде; 2) өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын оқу орындарына қажеттi мөлшерде бередi. 14. "Алтын белгi" аттестатының бланкiлерiн білiм беру саласындағы мемлекеттік органдар "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн, толтырылған түрiнде (мөрсiз) білім беру ұйымдарына бередi. 15. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармалары (департаменттерi) мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiн, қажеттi мөлшерде, өздерi оларға қатысты лицензиар болып табылатын білім беру ұйымдарына бередi. 16. Мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың бланкiлерi тек мемлекеттік лицензиялары бар білім беру ұйымдарына ғана берiледi. 17. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары, қатаң есептілік құжаттары ретінде, мемлекеттік үлгiдегi құжаттар бланкiлерiнiң сақталуы үшiн жауаптылықта болады. 18. Барлық білім беру ұйымдары жыл сайын өздерiне берiлген мемлекеттік үлгiдегi құжаттардың пайдаланылуы туралы есеп бередi. 19. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары: білім беру ұйымдарының мемлекеттік үлгiдегi құжаттарды пайдалану туралы жыл сайынғы есебiнiң тәртібі мен мерзiмдерi туралы; білім беру ұйымдарының оларды толтыру кезiнде бүлiнген бланкiлердi өткiзуiнiң және оларды жоюдың тәртібі туралы; мемлекеттік үлгідегi құжаттардың көшiрмесiн берудiң тәртібі туралы нұсқаулықтарды бекiтедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |