|
|
|
«2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшілерге, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін 2005 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесінің мөлшері және еңбек сіңірген жылдары негізге алына отырып саралап арттыру жүргізілсін. 2. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру ережесі бекітілсін. 3. Осы қаулы 2006 жыл 1 маусымнан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген
2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру ережесi
Осы 2006 жылғы 1 маусымнан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес 2006 жылғы 1 маусымнан бастап әскери қызметшілерге, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін 2005 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының лауазымдық жалақысынан, әскери (арнайы) атағы бойынша жалақысынан (қосымша ақысынан) тұратын ақшалай үлесінің мөлшері және еңбек сіңірген жылдары негізге алына отырып, арттыру тәртібін көздейді.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ЛЖ 0 - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы; 2) ЛЖ 2005 - 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген ұқсас немесе теңестірілген лауазым бойынша лауазымдық жалақы; 3) К лжк - 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген, ұқсас немесе теңестірілген лауазым бойынша лауазымдық жалақының зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға қатынасын айқындайтын лауазымдық жалақы коэффициенті; 4) ӘАЖ 0 - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы); 5) ӘАЖ 2005 - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы); 6) К әаж - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) қатынасын айқындайтын әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициенті; 7) АҮ 2005 - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге ұқсас немесе теңестірілген лауазымы мен атағы бойынша 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген ақшалай үлес; 8) ЕЖК - зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге белгіленген еңбек сіңірген жылдарының көрсеткіші; 9) А 2006 - осы Ережеге сәйкес арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері; 10) еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. 2. Осы Ережеге сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруды еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар 2006 жылғы 10 маусымға дейінгі мерзімде еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшеріне үзінді көшірмелерді Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалдарына бере отырып, жүзеге асырады. 3. Зейнетақы төлемдерін арттыру үшін лауазымы, әскери (арнайы) атағы, еңбек сіңірген жылдары зейнетақы ісінің деректері бойынша қабылданады.
2. Лауазымдық жалақының коэффициентін айқындау тәртібi
4. К лжк есептеу үшін зейнетақы ісіндегі зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы және 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген, ұқсас немесе теңестірілген лауазым бойынша лауазымдық жалақы қолданылады. 5. 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген, ұқсас немесе теңестірілген лауазым бойынша лауазымдық жалақының мөлшерін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар айқындайды. 6. 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген ұқсас немесе теңестірілген лауазым бойынша лауазымдық жалақы зейнетақы ісіндегі зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақыға бөлінеді:
ЛЖ 2005 К лжк= ___________ ЛЖ 0
7. К лжк үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен анықталады. Егер төртінші белгі 5-ке тең және одан көп болса, онда үшінші белгіге бір бірлік қосылады.
3. Әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) коэффициентін айқындау тәртібi
8. К әаж есептеу үшін зейнетақы ісіндегі зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) және зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шілдеден белгіленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) қолданылады. 9. Зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күнге сәйкес атағы бойынша 2005 жылғы 1 шілдеден бастап белгіленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) зейнетақы ісіндегі зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген күні белгіленген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақыға (қосымша ақыға) бөлінеді:
ӘАЖ 2005 Кәаж = ___________ ӘАЖ 0
10. К әаж үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен анықталады. Егер төртінші белгі 5-ке тең және одан көп болса, онда үшінші белгіге бір бірлік қосылады.
4. 2005 жылғы ақшалай үлесті айқындау тәртібi
11. АҮ 2005 зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген лауазымдық жалақы мен лауазымдық жалақы коэффициенті және зейнетақы төлемі тағайындалған немесе қайта есептелген әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) мен әскери (арнайы) атағы бойынша жалақы (қосымша ақы) коэффициенті көбейтінділерінің сомасы ретінде айқындалады:
АҮ 2005= АЖ 0 х К лжк + ӘАЖ 0 х К әаж
12. АY 2005 ж тұтас санға дейінгі дәлдікпен анықталады. Егер үтірден кейінгі белгі 5-ке тең және одан көп болса, онда бүтін санға бір бірлік қосылады.
5. Зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшерін айқындау
13. Зейнетақы төлемдерінің арттырылған мөлшерін айқындау үшін 2005 жылдың ақшалай үлесі еңбек сіңірген жылдарының көрсеткішіне көбейтіледі.
А 2006 = АY 2005 Х ЕЖК.
14. Еңбек сіңірген жылдарының көрсеткіші әскери қызметте, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын ішкі істер органдарындағы қызметте және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарында еңбек сіңірген жылдарына және еңбек стажына байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес анықталады. 15. Арттырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мыналардан төмен болмауға тиіс: 1) алатын ағымдағы зейнетақы төлемдері мөлшерінен. Егер сараланып жоғарлату ескеріле отырып анықталған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ағымдағы зейнетақы төлемдерінен төмен болса, онда ағымдағы зейнетақы төлемдерінің мөлшері сақталады; 2) толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдерін қоспағанда, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен. 16. Зейнетақы төлемдерінің осы Ережеге сәйкес арттырылған мөлшері «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Зейнетақы төлеу жөніндегi мемлекеттік орталықтан еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру ережесіне қосымша
Еңбек сіңірген жылдары көрсеткіштерінің кестесі, %-бен (толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдерін қоспағанда)
кестенің жалғасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |