Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы (2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Тасталған тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөнінде құқықтарды қалпына келтіру туралы меншік иелерінің талаптары бойынша істерді қарау кезінде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Меншік иелерімен тасталған тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі дауларды шешу кезінде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК), «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңының (бұдан әрі - Заң) ережелерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алулары қажет. 2. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 26 Нормативтік қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. АК-нің 250-бабының негізінде, меншік құқығынан бас тарту бұл жөнінде жариялаумен немесе меншік иесінің сол тұрғын үйге қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз меншік құқығынан шеттейтіні туралы айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) көрінуі мүмкін. Тұрғын үйге меншік құқығынан бас тарту тек меншік иесі болып табылатын азамат немесе заңды тұлғада ғана туындауы мүмкін. Заңмен белгіленген иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, мемлекет және оның органдары өздеріне тиесілі тұрғын үйге меншік құқығынан бас тартуға құқылы емес. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|