Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы (2008.24.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 Қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, мына өкілдердің: өтініш субъектісінің - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Б. Косаревтің, Республика Әділет министрлігінің - әділет вице-министрі Н.В. Белоруковтың, Республика Сыртқы істер министрлігінің - халықаралық-құқық департаментінің халықаралық шарттар бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Қ. Кинжебаеваның, халықаралық-құқық департаменті халықаралық-құқық проблемалары бөлімінің референті Н.Ш. Мұқаевтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсіндіру жөніндегі өтініштерін қарады. Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар - Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев пен Қ.Ә. Омархановтың және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.24.09. № 7 Нормативтік қаулысымен дәлелдеу бөлігі өзгертілді (бұр.ред.қара) Конституцияның 54-бабы 7) тармақшасының мазмұнына түсіндірме Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 қаулысында берілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|