Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының Осы редакция 2006 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Сот приставтарының құқықтық жағдайы 1. Сот приставы - мемлекеттік қызметте тұратын және өзiне осы Заңмен соттар қызметiнiң белгiленген тәртібін қамтамасыз ету жөнiнде жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам. 2. Сот приставына нысанды киім, куәлiк және жетон берiледi, олардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi 3. Сот приставының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. 2-бап. Сот приставтарының мiндеттерi Сот приставтарының мiндеттерi: 1) сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу; 4) соттардың үйлерiн күзетудi, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзетудi қамтамасыз ету; 5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады. 3-бап. Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының сот приставтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды тағайындау тәртібі 1. Сот приставтарының бөлiмшелерiн: 1) жергiлiктi соттарда - атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады. 2. Сот приставтарының бөлiмшелерiне аға сот приставтары басшылық етедi. Аға сот приставы: 1) өзi басқаратын бөлiмшенiң жұмысын ұйымдастырып, оған бақылау жасайды және сот приставтарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады; 2) жоғары тұрған ұйымдардың және лауазымды адамдардың бұйрықтарының, әдiстемелiк ұсыныстарының, нұсқаулары мен өкiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады; 3) бағыныстылық тәртібімен сот приставтарының iс-әрекетiне жасалған шағымдарды қарайды. 3. Жергiлiктi соттарда сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган: 1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады; 2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады; 3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн қорытады, осы негiзде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi; 4) сот приставтары қызметiнiң статистикалық есебiн жүргiзумен айналысады; 5) басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарын орындауды және соттар қызметiнiң белгiленген тәртібін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара әрекет жасауды қамтамасыз етедi; 6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жүзеге асырады. 5. Жергiлiктi соттарда сот приставтарын уәкiлеттi орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 6. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын тиiсiнше уәкiлеттi органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi. 5-бап. Сот приставының құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылы 1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнен, ал әскери соттың сот приставы әскери қолбасшылықтан көмек сұрауға құқылы. 2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi өздерi заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру шегiнде сот приставына көмек көрсетедi. 3. Сот приставтарының құқық қорғау органдарының және әскери бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы аталған органдардың басшылары бекiткен өзара iс-қимыл жөніндегі тиiстi заңға тәуелдi актiде көзделген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 6-бап. Сот приставына қойылатын талаптар 1. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (арнаулы орта) білімi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады. Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады. 2. Сот приставы қызметiне бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен және құқық қорғау органдарынан келеңсiз себептер бойынша шығарылған адамдарды тағайындауға болмайды. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Сот приставының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 1) азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге; 2) соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға; 4) құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы. 1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге; 2) судьяларды және сот процесiне қатысушы өзге де адамдарды күзетудi жүзеге асыруға; 3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге; 4) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарға сәйкес атқарушылық iс-әрекеттер жасауға қатысуға; 5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге; 7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртібін сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға; 8) сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi жүзеге асыруға; 9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Атыс қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдану тәртібі 1. Сот приставының атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдануы осы Заңның 2-бабында аталған мiндеттердi орындауға ғана байланысты болуы мүмкiн. 2. Сот приставтарының атыс қаруын: 1) судьялар мен сот талқылауына қатысушылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнгенде оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 2) сот приставы мен сот орындаушысының қызмет мiндеттерiн орындауы үстiнде олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнсе, оларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 3) қаруды немесе арнаулы құралдарды иелену әрекетiн тыю; 4) сотқа және соттардың үйлерiне топтасып немесе қару қолданып жасалған шабуылға тойтарыс беру мақсатында қолдануға құқығы бар. 3. Сот приставы күш жұмсауды, соның iшiнде ұрыс тәсiлдерiн, сондай-ақ тiзбесi арнаулы заңдармен белгiленетiн арнаулы құралдарды: 1) судьяларға және соттың талқылауына қатысушыларға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 2) сот приставы мен сот орындаушысының қызмет мiндеттерiн атқаруы үстiнде оларға күшпен қарсылық көрсету мен шабуыл жасауды тыю; 3) егер адам құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талапты орындаудан бас тартса, ол адамды ұстау; 4) адамның қамаудан қашуына жол бермеу, сондай-ақ қамауда отырған адамды күш арқылы босату әрекетiне жол бермеу үшiн қолдануы мүмкiн. 4. Қарулы шабуыл жасаған және қарулы қарсылық көрсеткен немесе топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қаруды, арнаулы құралдарды және ұрыс тәсiлдерiн әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және айқын мүгедектiк белгiлерi бар адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынады. 5. Қару, арнаулы құралдар және ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сот төрағасына қарудың, арнаулы құралдардың және ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы тiкелей хабарлауға мiндеттi. 6. Сот приставтары қару-жарағына кiретiн атыс қаруы мен оған арналған оқ-дәрiлер, арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен бекітіледi. Сот приставтарының бөлiмшелерiн қарумен және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету тиiсiнше уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүктеледi. 9-бап. Сот приставтарының жауапкершiлiгi Жасаған терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн сот приставтары заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады. 10-бап. Сот приставтарын әлеуметтiк сақтандыру 1. Сот приставтары республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке және медициналық сақтандырылуға тиiс. 2. Сақтандыру сомасын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi. 3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы сақтандыру сомасы төленедi. 4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы сақтандыру сомалары: 1) бiрiншi топтағы мүгедекке - бес жылдық жалақысы; 2) екiншi топтағы мүгедекке - үш жылдық жалақысы; 3) үшiншi топтағы мүгедекке - жылдық жалақысы төленедi. 5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi. Бұл орайда сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру сомасы сақтандырудың басқа түрлерi бойынша жасалатын төлемдер мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленедi. 6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi. 7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады. 8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi. 2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 11-бап. Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру Сот приставтарының қызметiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. ҚР 05.05.03 ж. № 409-II Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау Жергiлiктi соттарда сот приставтарының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
|