Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу Осы редакция 2006 ж. 29 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада: "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық iс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi № 999 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі iс-қимылдардың ұлттық жоспарында: M. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында: реттiк нөмiрi 1-жолда: 3-бағандағы "Қазақстан Республикасының "Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие туралы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзiрлеу" деген сөздер алынып тасталсын; 4-бағандағы "Мемлекеттік бағдарламаның жобасы" деген сөздер алынып тасталсын; 3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 қарашадағы № 1500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 517-құжат): 2-тармақ алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|