|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы 3-бап. Концессияның негiзгi принциптерi 4-бап. Концессияны қолдану салалары 5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы 5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі 6-бап. Концессионерге жер учаскелерiне құқықтар беру 7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері 2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiктерi 9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері 10-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi 10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері 12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының өкiлеттiктерi 14-бап. Концессионерлердiң қызметiн мемлекеттiк қолдау 3-тарау. ОБЪЕКТIЛЕРДI КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ 15-бап. Объектiлердi концессияға беру тәртiбi 17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны 18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары 18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету 18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер 19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу 20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу 21-бап. Концессия шартының мазмұны 21-1-бап. Концессия шартының түрлері 22-бап. Концессия шартының нысаны 23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзiмi 24-бап. Концессия шартын тоқтату 25-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi 26-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi 26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер 26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім 26-3-бап. Концессионерді ауыстыру 28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге» деген сөздер тиісінше «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері; 3) жекешелік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот - кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) концессия шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды концессионер орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) концедент - Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда 5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға; 6) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) - концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда 8) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін. Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда 9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру – концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер; 10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негiздеме) - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама; 12) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым - концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым; 14) концессия объектiсi - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; 15) концессия объектісін құру - Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу; 16) концессия объектісін пайдалану - концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы; 17) концессия объектісін реконструкциялау - жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар; 18) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм; 19) 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 22) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24) тармақша жаңа редакцияда 24) тiзбе - орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25) тікелей келісім - осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледi және жүзеге асырылады. Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау саласындағы концессия «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Концессияның негізгі принциптерi Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге: 1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына; 2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) еркін бәсекелестікке; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) барлық әлеуетті концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) концессиялық жобаны іске асыру үшін концессионердің инвестицияларды жүзеге асыруына; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) халық үшін концессиялық жобаның құндылығына негізделеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Концессияны қолдану салалары Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық саласындағы (аясындағы) туристік қызмет, әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы 1. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын және жылжитын мүлік, концессия объектілері бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты айрықша құқықтар концессия шартында көзделген тәртіппен концессионердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беріледі. 2. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия обьектілерінде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс обьектілері және концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар мемлекеттік меншікке беріледі. 3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі. 4. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердiң концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiмi мен өзге де табыстары оның меншiгi болып табылады. 5. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде кепiл нысанасы бола алмайды. 6. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде иелiктен шығарылуға жатпайды. 7. Егер концессия шартында өзгеше белгіленбесе, концессионер өзiне концессия шарты бойынша иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелiн көтереді. 8. Концедент концессиялық жобаны қоса қаржыландырған және (немесе) концедент концессионерге инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеген кезде, концессия объектісі мемлекеттік меншікке беріледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі 1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот концессионер инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады. 2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады. 3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, концессионердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін. Концессионер кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін концессия шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.
6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері 1. Мыналар: 1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар; 3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу; 4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстар көлемі шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу; 5) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионердің меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы; 6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi болып табылады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады және осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген, концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі ескеріле отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасының белгілі бір үлестерімен бірыңғай төлемдер түрінде жүргізілетін, бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерді қамтиды. 3. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы әлеуметтік маңызды санатқа жатқызылатын концессиялық жобаларға қатысты ғана қолданылуы мүмкін. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелерінің негізінде айқындалады.
1-1 тарау. 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында: 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6-1) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды 6-3) ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекітеді; 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды құрады; 7-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы3-бап. Концессияның негiзгi принциптерi4-бап. Концессияны қолдану салалары5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі6-бап. Концессионерге жер учаскелерiне құқықтар беру7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері 1-1-тарау. Алып тасталды2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiктерi9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері10-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері11-бап. Республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының өкiлеттiктерi13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi14-бап. Концессионерлердiң қызметiн мемлекеттiк қолдау 3-тарау. ОБЪЕКТIЛЕРДI КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ15-бап. Объектiлердi концессияға беру тәртiбi15-1-бап. Алып тасталды15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу16-бап. Тiзбе жасау17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері 4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ21-бап. Концессия шартының мазмұны21-1-бап. Концессия шартының түрлері22-бап. Концессия шартының нысаны23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзiмi24-бап. Концессия шартын тоқтату25-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi26-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім26-3-бап. Концессионерді ауыстыру 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |