|
|
|
«Қызылорда облысында «Днепр» РС-20 ресейлік зымыран тасығышы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағындағы «Днепр» РС-20 ресейлік зымыран тасығышының авариясы фактісін тергеу, ықтимал салдарды болдырмау, залалды және медициналық-санитарлық, экологиялық, техногендік салдарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мынадай құрамда Үкіметтік комиссия құрылсын:
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрі, төраға
Қуандықов - Қазақстан Республикасының Төтенше Болатбек Баянұлы жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Рәпіл Сейітханұлы министрінің орынбасары
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Болат Әбілқасымұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған Әлжан Хамидоллаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет Дулат Рашитұлы вице-министрi
Зәкиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Болат Сейітқазыұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры
Оспанов - Қазақстан Республикасы Жер Бақыт Сағындықұлы ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы
Көшербай - Қызылорда облысы әкімінің Айтбай Көшербайұлы орынбасары
Белоног - Қазақстан Республикасы Денсаулық Анатолий Александрович сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерi
Қосынов - Қазақстан Республикасы Білім және Алмас Олжабайұлы ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы
Сатылғанов - Қазақстан Республикасы Төтенше Диханбек Жанқоразұлы жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел ден қою департаментінің директоры
Бәденов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Фазылолла Жұмағазыұлы министрлігі Жедел жоспарлау департаментінің бөлім бастығы
2. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Yкіметтік комиссия белгіленген тәртіппен қызығушылық тудырған мәселелер бойынша орталық (оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелерінен) және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар алуға, сондай-ақ олардың мамандарын комиссия жұмысына тартуға құқылы. 3. Yкіметтік комиссия қысқа мерзімде: аварияның медициналық-санитарлық, экологиялық және техногендік салдарын айқындасын; аварияның әсерін шектеу бойынша бірінші кезектегі шаралар жөнінде ұсыныстар берсін; талап қою үшін зиян сомасын белгілесін; авария салдарын жою үшін қажетті ic-шараларды іске асыру мерзімін және олардың тізбесін айқындасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |