|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 818 Қаулысы (2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 137 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысында: 2-тармақтағы «акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтарына ие» деген сөздер «акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «»Қазына» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берілген» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін»; 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) «Қазына» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге беруді;»; 5-тармақтың 4) тармақшасындағы «мемлекеттік пакеттерін» деген сөздер «мемлекеттік пакетін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын: «6-1. Осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазына» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) бағалауды жүргізсін. 6-2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 5 және 6-1-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды орындағаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазына» акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: 1-бөлімнің екінші абзацындағы «заңды тұлғалар (бұдан әрі - компаниялар) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтары» деген сөздер «заңды тұлғалар (бұдан әрі - компаниялар) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) жарғылық капиталын төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-бөлімнің екінші абзацындағы «шетелдік» деген сөзден кейін «және отандық» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) сату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысын қабылдау жолымен «Қазына» АҚ-тың жалғыз акционері қабылдайды.»; үшінші абзацтағы: «атқарушы директоры» деген сөздер «Басқарма Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлем алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі»; кестенің «Акциялардың мемлекеттік пакеті» деген бағаны «(қатысу үлестері)» деген сөздермен толықтырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 362 қаулысында: 1-тармақтағы «акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына берілген акционерлік қоғамдарға» деген сөздер «акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілген акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге)» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |