Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi, осы Заңмен күшiне енгізудiң өзге мерзiмдерi белгiленген ережелерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2-бап 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiн бекіту туралы» 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң, сондай-ақ 1959 жылғы 22 шiлдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңде Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзген барлық заңдардың күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес келтiрiлуге тиiс. Бұдан былай Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн аталған заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.
3-бап «Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiн күшiне енгізу тәртібі туралы» 1959 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен Үкіметінiң Ведомостары, 1960 ж., № 4) күшi жойылды деп танылсын.
4-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-ІІ Заңымен алынып тасталды.
5-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-ІІ Заңымен алынып тасталды.
5-1 бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-ІІ Заңымен алынып тасталды.
6-бап Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды. 6-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев
Ақмола, 1997 жылғы 13 желтоқсан № 207-І ҚРЗ
|