ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығымен күші жойлды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы
1. Осы кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіптік бастауыш және орта білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған: 1) Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелеп тексеру. 2) Білім алушыларды аралық аттестаттау бір оқу пәнінің тиісті бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында оны оқып болғаннан кейін өткізіледі. 3) Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау - білім деңгейіне сәйкес олардың бастауыш және орта кәсіптік мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты меңгеру дәрежесін және жеткен кәсіптік біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім. 4) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың кәсіптік бастауыш және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында білім беру ұйымдары өткізетін рәсім.
2. Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|