«Табиғи монополиялар субъектiлерінiң қызметiн оңайлатылған
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Taбиғи монополиялар субъектілерінің қызметiн оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi. Ереже Табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметiн мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібiн айқындайды. 3. Ереже реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түскен табысы жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табиғи монополиялар субъектілерiне қолданылады. 4. Ереже жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту кезiнде туындайтын қатынастарға, реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiне жаңадан енгізiлген реттелiп көрсетілетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлеріне, сондай-ақ реттелiп көрсетілетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектілерiнiң Мемлекеттік тіркелiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттеліп көрсетiлетiн қызметтерінің (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлеріне қолданылмайды. 5. Осы Ереженiң мақсатында мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгi - табиғи монополия субъектiсінің тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезiнде ескерілетін тауарларды өндiрумен және (немесе) реттелiп көрсетiлетін қызметтерді (жұмыстарды) көрсетумен байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар реттелiп көрсетілетiн қызметтiң (тауардың, жұмыстың) өзiндiк құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкiмшiлiк шығыстар, өткізу бойынша шығыстар, сыйақылар төлеу бойынша шығыстар) тұрады; 2) өтiнiм - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы уәкілетті органға ұсынатын ресми өтiнiшi (арызы); 3) құзыретті орган - салалық министрлiк және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң реттеліп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларды, жұмыстарды) көрсететiн табиғи монополиялар субъектілерi үшін, сондай-ақ коммуналдық меншiктегі субъектiлер үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар; 4) негізсiз табыс - табиғи монополия субъектiсiнiң уәкілеттi орган бекiткен тарифтік (бағаның, алым ставкасының) деңгейiнен немесе оның шектi деңгейiнен асатын құн бойынша төлем алу және (немесе) тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтiк сметаның шығын баптарын уәкілетті орган бекiткен мөлшерлерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде алынған қосымша табыс; 5) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгіне енгізілетiн шығындардың түрлерiн шектеу - тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту кезінде ескерiлмейтiн шығындардың тiзбесiн белгілеу; 6) шығыстардың деңгейiн шектеу - белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негiзiнде тарифте (бағада, алым ставкасында) ескерілетін шығындар деңгейiнiң шегін белгілеу; 7) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға реттелiп көрсетілетін қызметтердi көрсетумен айналысатын және олардың жылдық қаржылық есептiлiгінде табиғи монополиялар субъектілерi ретiнде реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түскен табысы жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетілетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын соманы құраған жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға; 8) Лондон банкаралық рыногының ставкасы - жылдық пайыз ретінде көрсетiлетiн пайыздарды есептеу кезеңінің бiрiншi күнiне құны бойынша (немесе пайыздарды төлеу күнiне құны бойынша пайыздарды есептеудiң бастапқы кезеңi жағдайында не пайыздарды есептеудiң осындай кезеңi күнi, не пайыздық есептеудiң бiрiншi күнi алдындағы келесi күнi) алты айлық бiр валюталық депозиттер бойынша Лондон банкаралық рыногындағы ұсыныс ставкасы. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 2. Табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн оңайлатылған тәртiппен мемлекеттік реттеу 6. Табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн оңайлатылған тәртiппен мемлекеттік реттеу: 1) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту; 2) тарифтік сметаны бекіту; 3) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту; 4) реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша табыстарды, шығындарды және қолданысқа енгiзген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу тәртібін бекіту; 4) есептiк саясатты келiсу; 5) уақытша өтемдiк тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту арқылы жүзеге асырылады. 3. Реттелiп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту тәртібі
Параграф 1. Табиғи монополия субъектісiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын бекітуге өтiнім беру және қабылдау 7. Уәкiлетті орган табиғи монополия субъектiсiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуді мынадай жағдайларда: 1) табиғи монополия субъектiсiнің бастамасы бойынша; 2) уәкiлетті органның бастамасы бойынша; 3) төтенше реттеушi шара ретiнде жүргiзедi. 8. Табиғи монополия субъектісінің реттелiп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту табиғи монополия субъектiсінің бастамасы бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн барлық тұтынушыларға оларды төмендетудi қоспағанда, екi тоқсанда кемiнде бiр рет жүргiзiледi. 9. Табиғи монополия субъектiсi өтініммен бiрге өзiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтерiне арналған тарифтік сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн алпыс күн бұрын ұсынуға тиiс. Уәкiлетті органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектісi бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшiн берiлген өтінім көлеміндегі экономикалық негiзделген есептердi және өзге ақпаратты ұсынуға тиiс. 10. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге берiлген өтiнiмге: 1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту қажеттілігін ашатын және: жылдар бөлiнiсiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) соңғы бекіту сәтінен бастап өткен кезең iшіндегі табиғи монополия субъектісiнiң қызметіне қаржы-шаруашылық талдауды; соңғы аяқталған қаржы жылы үшін нақты шығындарды негiздейтiн материалдарды қоса берiп, осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есепті; соңғы аяқталған қаржы жылы үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекiткен қаржылық есептілік нысанына сәйкес қаржылық есептіліктi қамтитын түсіндiрме жазба; 2) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) жобасы; 3) техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды айқындайтын нормативтiк кесiмдерге сәйкес құзыретті орган бекiткен: жылдық нормативтік шығындар; персонал санының нормативтерi; шикiзат пен материалдардың жұмсаудың жылдық нормалары; 4) құзыретті орган бекiткен және уәкілеттi органмен келісілген: негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтін ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған, шығындардың жылдық сметасы; негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелетін күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы; 5) уәкiлетті органмен келісілген есептiк саясат; 6) материалдық, қаржы ресурстарын, жабдықтар мен қызметтердi сатып алу бағаларын растайтын құжаттарды (болған конкурстар (тендерлер) бойынша - материалдық, қаржы ресурстарын, жабдықтар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмдерi, өтiнiмдi берген сәтке өткiзiлмеген конкурстар (тендерлер) бойынша - бағалар деңгейiн негiздейтiн өзге құжаттар); 7) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелерi туралы мәлiметтер; 8) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмдерiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдар есебi; 9) peттеліп көрсетiлетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар, табиғи монополия субъектiсiнің жалпыға сапалы қызмет көрсету мiндетiне және мүмкiндігіне, монополиялық жоғары тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолдау мақсатында көлемдердi төмендетуге жол бермеуге сүйене отырып, тауарларды өндiру көлемiнiң есептерi, тұтынушылар сұранымын маркетингтік зерттеу материалдары); 10) табиғи монополия субъектiсi желілерiнің (жабдығының) жобалық қуаты және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер; 11) осы Ереженiң 4-бөлiмiнде баяндалған талаптарға сәйкес тарифтік сметаның жобасы қоса беріледi. 11. Өтiнімге қоса берiлетін есептер және негiздеушi материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс: 1) негiздеушi материалдардың әрбiр парағына табиғи монополия субъектiсiнің басшысы, ал қаржы құжаттарына - басшы және бас бухгалтер немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды; 2) негіздеушi материалдар ретiнде өтінiм берердiң алдындағы төрт тоқсандағы және өткен күнтізбелiк жылдағы шығындар туралы іс жүзiндегі деректер ұсынылуға тиiс; 3) көлемдердiң маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсер етуiн болдырмау мақсатында негіздемеге салық есебiнiң позициясынан осындай есеп мақсатсыз болатын жағдайларды қоспағанда, қаржы жылына арналған есептердегi деректер қабылданады; 4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген жағдайда төмендеуiн растайтын материалдар ұсынылуға тиiс; 5) табиғи монополия субъектiсi ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне жеке дайындалуға тиiс. 12. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеу кезiнде негiз үшін өтiнiм берердiң алдындағы төрт тоқсандағы немесе өткен күнтізбелік жылдағы реттелiп көрсетiлген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзіндегі көлемдерi қабылданады. 13. Табиғи монополия субъектiсi өтiнiмдi қарауға қабылдағаннан кейiн 15 күннің iшiнде уәкілетті органға өтiнім берердiң алдындағы 4 тоқсандағы шығындар туралы нақтыланған іс жүзiндегі деректердi ұсына алады. 14. Уәкілеттi орган өтiнiмдi алған күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешіктірмей ұсынылған материалдардың толықтығын тексередi және табиғи монополия субъектiсiне өтінімдi қарауға қабылдағаны немесе бас тарту себептерiн көрсете отырып, өтінiмдi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлайды. 15. Табиғи монополия субъектiсiнiң өтiнімiн қарауға қабылдаудан бас тартуға мыналар: 1) өтінімдi ұсыну мерзiмдерiн бұзу; 2) осы Ереженің 10-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеу; 3) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 11-тармағына сәйкес келмеуі; 4) сенiмсiз ақпарат ұсыну; 5) реттеліп көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу рәсімдері бойынша белгіленген талаптарды бұзу себеп болып табылады. Параграф 2. Өтінiмді қарау және тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту 16. Табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлетті орган 45 күннiң iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын қарау мерзiмi өтінім берiлген сәттен бастап есептеледi. 17. Уәкiлетті орган табиғи монополия субъектiсi өтiнiммен бiрге ұсынған негiздеуші құжаттар мен есептердi талдау негiзiнде тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларына сараптама жүргiзедi. Уәкілетті орган сондай-ақ ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерi қызметтерiнiң көрсеткiштерiне салыстырмалы талдау жүргізе алады. 18. Уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынған табиғи монополия субъектілерiн тартып тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларына сараптамалық бағалау жүргізедi. 19. Уәкiлетті орган құзыретті органдардан және табиғи монополия субъектiсiнiң өзiнен табиғи монополия субъектiсiнiң қызметi туралы ұсыну мерзiмiн көрсете отырып, қосымша ақпарат сұрата алады. 20. Табиғи монополия субъектiсi талап етiлген ақпаратты уәкілеттi орган белгiлеген мерзiмде немесе оны толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкiлетті орган тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде мәлімделген шығындарды ескермеуі мүмкiн. 21. Уәкiлеттi орган жүргiзген сараптаманың нәтижелерi бойынша жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 22. Тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) жобаларын бекіту туралы өтiнiм берген және шешiм қабылдаған кезде уәкiлетті орган мен табиғи монополиялар субъектiлерi Ереженiң 4-бөлімiнің қағидаларын, бухгалтерлік есептiң стандарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық кесiмдердi қоса алғанда, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, салық заңнамасын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) есептеудің салалық әдiстемелерiн басшылыққа алады. 23. Уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешiмi уәкiлетті органның бұйрығымен ресiмделедi және оларды қолданысқа енгiзген сәтке дейiн 15 күннен кешiктiрмей табиғи монополия субъектiсiне жолданады. 24. Уәкiлеттi орган төтенше реттеуші шаралар түрiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдай алады, бұл ретте осы Ереженiң 8, 14, 20, 21,23-тармақтарының талаптары қолданылмайды. 25. Уәкілеттi органның өтiнімдi қарауға қабылдау немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы, табиғи монополия субъектiсінің реттелiп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешімiне табиғи монополия субъектiсi немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушы заңнамада белгiленген тәртіппен және мерзiмде шағымдануы мүмкiн. Параграф 3. Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу
26. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу тоқсанның бiрiншi күнінен бастап жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтілген айдан кейiнгі айдың бiрi күнінен бастап жүзеге асырылады. 27. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгізгенге дейiн 10 күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізуге тиіс. 28. Егер табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу туралы Ережеде көрсетілген мерзiмде хабарлай алмаса, онда көрсетілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) уәкiлеттi органның шешімінде көрсетiлген күннен бастап енгізілмейді. Мұндай жағдайда бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу екі тоқсаннан кейiн жүзеге асырылады. 4. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған сметаны бекіту тәртібі
29. Тарифтік сметаның көрсеткiштерi уәкілеттi орган белгілейтiн тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) деңгейiн негіздейтiн және қалыптастыратын табиғи монополия субъектiсi табыстарының және шығыстарының баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi және табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа да экономикалық көрсеткіштерi туралы негiзгi жиынтық деректер болып табылады. Табиғи монополия субъектiсiне тарифтік сметаны уәкілеттi орган тарифпен бiрге бір мезгiлде бекiтедi. Тарифтiк смета осы Ереженiң 1-қосымшасына сай нысан бойынша жасалады. 30. Тарифтік сметаны қарау және бекіту кезiнде Ереженiң 10-тармағында көрсетілген материалдар мен ақпарат пайдаланылады. 31. Табиғи монополия субъектісi ағымдағы жылдың соңына дейiн 60 күннен кешіктірмей уәкiлетті органға бекітілген тарифтік сметаны қайта қарау туралы ұсыныспен өтiнiш жасай алады. 32. Уәкілетті орган бекітілген тарифтік сметаны қайта қарау туралы ұсынысты оны ұсынған күннен бастап 30 күннiң iшiнде қарайды. 33. Табиғи монополия субъектісi ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн уәкілеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасына сай нысан бойынша реттеліп көрсетілетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бөлiнiсiнде өткен күнтізбелiк жылға уәкiлетті орган бекiткен тарифтiк сметаны орындау туралы есеп ұсынады. 34. Субъект тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке өткен күнтізбелiк жылдың мынадай құжаттары мен ақпаратты: 1) осы Ереженiң 2-қосымшасында көрсетілген кестенi қоса берiп және тарифтiк сметаның орындалмау себептерiн көрсете отырып, оның орындалуы туралы түсiндiрме жазбаны; 2) бухгалтерлік теңгерiмдi; 3) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi; 4) ағымдағы және күрделi жөндеуге, басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындар сметасын iске асыру туралы мәлiметтердi; 5) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлiк) комиссиялар шешiмдерiнiң көшiрмелерiн; 6) уәкiлеттi органның құзыреті шегiнде iс жүзiндегі шығындарды растайтын басқа да қажеттi материалдарды қоса бередi. Уәкiлеттi орган тарифтік сметаның орындалуы туралы есептi қарау кезінде субъектiден қосымша ақпарат сұрата алады. 35. Уәкiлеттi орган тарифтiк сметаның орындалуы туралы есептi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзе алады. 36. Уәкiлетті орган тұтынушылардың арыздары, шағымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мемлекеттік органдардың өтiнiштерi бойынша және өз бастамасы бойынша бекітілген тарифтік сметаны орындамау, ал уәкiлеттi органға тарифтік сметаның орындалуы туралы есептi тең ұсынбау бөлiгiнде табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда: 1) қолданыстағы тарифтiк сметаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауы; 2) табиғи монополия субъектiсiне табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғанына ден қою шараларын қолдануы; 3) уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгiлеуi мүмкiн.
5. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды қарау және бекіту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбі
Параграф 1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алым ставкасына) енгізілетiн шығындарды реттеу
37. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзілетін шығындарды реттеу тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігiне енгізiлетін шығындардың түрлерiн шектеу және табиғи монополия субъектiсінiң шығыстар деңгейiн шектеу жолымен жүзеге асырылады. 38. Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетiн материалдық шығыстар реттелетін өнiмдердiң (қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiр бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi - материалдық ресурстар) шығыстарының нормаларына және (немесе) құзыретті органда бекітілген және сараптамалық бағалаудан өткен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен тендерлiк (конкурстық) сатып алудың нәтижелерi бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып, айқындалады. 39. Табиғи монополия субъектiсiне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiн кемiтуге қарай ескеріледi, ал су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерi саласында қызметiн жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсiне оны ұсыну кезеңiне қолданыста болатын мемлекеттік субсидияны ескере отырып, жеке тариф (баға, алым ставкасы) белгiленедi. 40. Аудиторлық, консалтингiлiк, маркетингтiк қызметтерге және мердiгерлік тәсiлмен жүргізілетiн жөндеу жұмыстарына, бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен сатып алынатын өндiрiстік сипаттағы басқа қызметтерге жұмсалатын шығыстар тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзіледi. 41. Тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгізiлетін материалдық ресурстарды (шикiзаттың және материалдардың негiзгi түрлерiн), жабдықтарды, құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарын, бөгде ұйымдардың қызметтерін (жұмыстарын) табиғи монополия субъектiсiнiң бiр көзден сатып алуы қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен, экономикалық мақсаттылық негiзінде уәкілеттi органның келісімi бойынша жүргізiледi. 42. Нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізiледi. Нормативтік техникалық ысыраптарды өз құзыреті шегiнде құзыретті орган бекiтедi. 43. Субъектiнiң негiзгi құралдар құнының өсуiне әкелмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталатын қаражаты өз құзыретi шегінде құзыреттi органның оларды жүргiзу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауы болған жағдайда тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгiзіледi. 44. Еңбекақы жүйесi, әкiмшілiк персоналдарға жататын қызметкерлердiң лауазымдары, сондай-ақ әкiмшiлiк және өндiрiстік персоналдардың нормативтiк санын өз құзыретi шегiнде құзыретті орган айқындайды және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен (бұдан әрi - Министрлiк) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарымен Министрлiк белгілеген тәртіппен келісіледi. Шығындарға енгізiлетiн өндiрiстiк персоналдардың еңбекақыларына жұмсалатын шығыстар табиғи монополия субъектісi персоналының нормативтiк санынан аспайтын iс жүзiндегі санына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзiмдi жоспарында көзделген тұтыну бағалары индексінiң болжамды өзгеруiн ескерiп, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) қабылданған орташа айлық еңбекақыға сүйене отырып айқындалады. Шығындарға енгiзiлетiн әкiмшiлiк персоналдардың еңбекақыларына жұмсалатын шығыстар табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтік санынан аспайтын iс жүзіндегi санына сүйене отырып айқындалады. Мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектiлерi басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерiнiң және әкiмшілік персоналдың басқа қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгiзiлетiн, субъектiлердiң әкiмшiлiк персоналдарының еңбекақыларына жұмсалатын шығыстар штаттық кестеге сай, 15 еседен аспайтын мөлшерде табиғи монополия субъектiсi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының ең көп және ең аз деңгейiнiң ара қатынасына сүйене отырып, шектеледі. Еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы жүйесінде көзделген еңбек жағдайларына қосымша ақы және үстемеақы төлеумен байланысты шығыстар Ереженің 59-тармағында көрсетiлген шығыстарды қоспағанда, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiледi. Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгiзiлмейтiн, еңбекақыға қоса сыйлықақы беру және сыйақылардың басқа да түрлерiне жұмсалатын шығыстарды табиғи монополия субъектiсi (мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда) таза табыстан (ic жүзіндегі пайдадан) жүзеге асыра алады. Уәкiлеттi орган осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектілерiнiң еңбекақыға жұмсайтын шығындарын салыстырмалы талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетілетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) көлемдерi қысқартылған жағдайда тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгізілетiн, әкiмшілік және (немесе) өндiрiстiк персоналдың еңбекақысына жұмсалатын шығыстарды төмендету немесе көтеруден бас тарту туралы шешiм қабылдай алады. |