Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестi құру туралы
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының дiни бiрлестiктермен сындарлы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Yкіметі жанынан консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Кеңестi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қызметi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн. 3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-талдау жағынан қамтамасыз ету үшiн Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгінiң штаттық саны лимитiн 4 адамға қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң штаттық саны лимитiн 4 адамға ұлғайта отырып, оның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде Хатшылық құрылсын. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі екi апталық мерзiмде Кеңес туралы ереже мен оның құрамын ?кіметтiң бекiтуiне ұсынсын. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен: аталған министрлiктiң штаттық саны лимитiн қысқартумен байланысты республикалық бюджеттiң босатылған қаржысы есебiнен Премьер-Министрдiң Кеңсесiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және министрлiктердiң әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлерi үшiн белгiленген лауазымдық жалақылардың мөлшерлеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн қаржыландыруды тиiсiнше арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерiне белгiленген тәртiппен дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі жергiлiктi кеңестер құру ұсынылсын. ҚР Үкіметінің 09.02.01 ж. № 214; 11.09.02 ж. № 993 қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) 2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына: 3-тармақтың екiншi абзацындағы "252" деген сан "256" деген санмен ауыстырылсын. 8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi осы қаулының орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|