Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бірлестiктермен
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамы бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн республиканың мемлекеттік органдарымен, дiни, өзге де қоғамдық бірлестiктерiмен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады. 4. Кеңестiң шешімдерi ұсынымдық сипатқа ие. 2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары 5. Кеңестiң мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы дiни келісімдi нығайту және конфессияаралық қатынастар үндестiгi мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады. 6. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 1) елдегi дiни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты және әдiл зерттеу, жинақтап қорыту және талдау; 2) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) республикадағы дiни жағдайдың жай-күйi және дiн ұстану бостандығы туралы заңнаманың сақталуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар ету; 4) дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі аймақтық кеңестер жұмысын үйлестiру; 5) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бірлестiктер туралы ақпараттық деректер банкiн қалыптастыру; 6) дiни бірлестiктер арасындағы өзара түсiнiстiк пен төзiмдiлiктi нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консультативтiк көмек көрсету болып табылады. 7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) азаматтардың дiн ұстану бостандығына және дiни бірлестiктермен өзара iс-қимылына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысады; 2) республика аумағында құрылған дiни бірлестiктердiң және шетел миссионерлерiнiң қызметiн зерделеудi жүзеге асырады, олар туралы деректер банкiн қалыптастырады; 3) ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады; 4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi; 5) дiнтану сараптамаларын жүргiзудi қамтамасыз етедi, қажеттiлiгiне қарай бұл үшiн тиiстi мамандарды тартады; 6) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерi жөніндегі консультативтiк жұмысты жүргiзедi; 7) шет мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және жолға қояды; 8) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртібі 8. Кеңестi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi орынбасарларының бірi басқарады. 9. Кеңестiң мәжілістерi үш айда кемiнде бір мәрте өткiзіледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісi Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бірiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 10. Кеңес мәжілісi, егер оның жұмысына кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдiгi кезiнде Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 11. Мәселелердi пысықтау, мәжілістердi дайындау, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзу үшiн Кеңес өз мүшелерi бірiнiң жетекшiлiгiмен iс-қимыл жасайтын жұмыс топтарын құра алады. 12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға: 1) мемлекеттік органдардан, дiни ұйымдар мен жеке адамдардан Кеңес құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат сұратуға; 2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз сарапшылар мен мамандарды құжаттар әзiрлеуге тартуға; 4) азаматтардың дiн ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы республика заңнамасын бұзған дiни бірлестiктер мен шетелдiк миссионерлердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 5) Кеңес құзыретіндегі мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 6) Кеңес құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер беруге; 7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы. 4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету 13. Кеңестiң төрағасын, оның орынбасарлары мен мүшелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 14. Төраға болмағанда оның функциялары төрағаның орынбасарына, Кеңес хатшылығының меңгерушiсiне жүктеледi. 15. Кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес хатшылығының меңгерушiсi Кеңес хатшылығы қызметiне басшылықты жүзеге асырады. 16. Кеңес Қазақстан Республикасының жетекшi конфессиялар басшылары, дiнтанушы ғалымдар, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерi және қоғамдық қайраткерлер қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады. 17. Кеңес қызметiн ұйымдық-талдамалық қамтамасыз етудi оның жұмысшы органы және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын Кеңес хатшылығы жүзеге асырады. 18. Кеңес хатшылығы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кеңес қызметiн ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдiстемелiк және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 2) Кеңес мәжілісiнде қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңестiң қарауына енгiзедi; 3) Кеңес мәжілістерiнiң күн тәртібін құрады; 4) Кеңестiң қызметi туралы есеп дайындайды; 5) Кеңес мәжілістерiнiң жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады, iстi жүргiзедi; 6) өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртібі 19. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды және жұмыс топтарын құру, қызметiн жүргiзу және тарату тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес тоқтатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 28.02.01 ж. № 292; 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 22.09.03 ж. № 961 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 905 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Дiни бірлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң құрамы
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірғаным Сарықызы орынбасары, төрайым; Мұхашов - Қазақстан Республикасының Үкіметі Аманбек Мұқашұлы жанындағы Дiни бірлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңес Хатшылығының меңгерушiсi, төрағаның Орынбасары Кеңес мүшелері Байқадамов - Қазақстан Республикасының адам Болат Кенжекешұлы құқықтары жөніндегі уәкiлi (келісім бойынша) Кәлетаев - Қазақстан Республикасының Президентi Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша) Дербiсәлi - Бас муфти, Қазақстан мұсылмандар дiни Әбсаттар Бағысбайұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Мефодий (Немцов - Қазақстан Республикасындағы Орыс Николай Федорович) православие шiркеуi митрополиттiк округiнiң басшысы, Астана және Алматы митрополитi (келісім бойынша) Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Сабыржан Мәдиұлы вице-министрi Тiлеубердi - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Мұхтар Бескенұлы вице-министрi Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Иван Иванович бірiншi вице-министрi Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi Жұмақанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Владимир Зейноллаұлы қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келісім бойынша) Терещенко - Қазақстан халықтары ассамблеясы Сергей Александрович төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Мұхамеджанов - Астана қаласы әкімінiң орынбасары Төлеген Мұхамеджанұлы Иванов - Алматы қаласы әкімінiң дiни ұйымдармен Владимир Александрович жұмыс мәселелерi жөнiндегі бас Инспекторы Жолдасбеков Мырзатай - "Еуразия" гуманитарлық зерттеулер Жолдасбекұлы ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нысанбаев - Қазақстан Республикасы Білiм және Әбдiмәлiк Нысанбайұлы ғылым министрлігі "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының директоры Бондаренко - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Юрий Яковлевич мемлекеттік университетiнiң профессоры |