Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеу жөніндегі шаралар Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түсті (олардың қорытпаларының) және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының рыногын реттеу, құрамында мыс бар өнімдерді өндіруші отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: ________________________________________________________________________ "Коррозияға төзімді 7204 21 100 (тоттанбайтын) болаттың қалдықтары мен сынықтары ________________________________________________________________________ Қара металдардың қалдықтары 7204, мен сынықтары (қолдануда болған рельстер, 7302*-ден темір жол төсемдерінің элемент- тері, дискілер, доңғалақ жұптары) ________________________________________________________________________ Мыс қалдықтары мен сынықтары 7404 00 ________________________________________________________________________ Өңделмеген қайталама 7601 20 910, алюминий қорытпалар: құймалары, 7601 20 990, басқалары және олардан жасалған 7603-7616 (тек бұйымдар қайталама құймалардан жасалғандары) ________________________________________________________________________
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де және атауымен де айқындалады"; 2) "Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы № 841 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымша: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "7404 00 Мыс қалдықтары 1 тоннасына 30, бірақ мен сынықтары 330 евродан кем емес 7601 Өңделмеген 1 тоннасына 4, бірақ алюминий 30 евродан кем емес". 2. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |