Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, (2006.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 ; 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу ережесi
1. Жалпы ереже ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Осы Ереже "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның немесе белгіленген құзыретi шегiнде облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізу тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жария тыңдаулар өткізудiң мақсаты - табиғи монополиялар субъектілері қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен тариф саясаты саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 (бұр. ред. қара); 2006.30.03. № 215 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Жария тыңдаулар - табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң өкiлдерiн шақыра отырып, талқылау рәсiмi. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де айқындамалар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамада белгiленген мағынада қолданылады. 4. Жария тыңдаулар өткізудiң қағидаттары: 1) жариялылық; ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерiнiң теңгерiмiн сақтау. 5. Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Алда тұрған жария тыңдаулар туралы хабарландыру оны өткiзерден он бес күн бұрын уәкiлеттi орган арқылы мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс және мынадай мәлiметтердi: 1) тыңдауларды ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерiн; 2) тыңдауларды өткізудiң күнi мен орнын; ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) табиғи монополия субъектiсiнiң атауын және өтiнiм берiлген реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге қатысты көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн қамтуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 8- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Жария тыңдаулар: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекіту кезiнде бекіту туралы шешiм қабылдағанға дейiн отыз күннен кешiктiрмей; 2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезiнде бекіту туралы шешiм қабылдағанға дейiн он бес күннен кешiктiрмей өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 8-1- тармақпен толықтырылды 8-1. Жария тыңдауларды өткiзгенге дейiн уәкiлеттi орган табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берiлген өтiнiмдердi қарау жөнiндегі шешiм жобасын дайындайды. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен 8-2-тармақпен толықтырылды 8-2. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша: реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын; экономикалық жағынан негізделген есептемелері бар реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін арттыру себептері туралы ақпаратты ұсынады.
2. Жария тыңдаулар өткізудiң тәртібі 9. Тыңдаулар уәкiлеттi орган белгiлеген үй-жайда өткiзiледi. 10. Жария тыңдаулар өткізу үшiн уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрi - төраға) тағайындалады. Төраға уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iшiнен жария тыңдаулардың хаттамасын жүргiзетiн хатшыны тағайындайды. 11. Төраға әрбiр жария тыңдауларға регламент белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 12- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Төраға тыңдауларды белгiленген уақытта ашуға, олардың мақсаты мен күн тәртібін хабарлауға тиiс. Төраға қатысушыларды тыңдаулар өткізудiң регламентiмен, табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметiне (тауарларға, жұмыстарға) ұсынылып отырған тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi жөніндегі өтiнiммен және шешiм жобасымен таныстырады. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 13- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң сөзінде олар көрсететiн реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ұсынылған деңгейiне немесе оның шекте деңгейіне егжей-тегжейлi түсiндiрме мен негiздеме бepугe тиiс. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 13-1- тармақпен толықтырылды 13-1. ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 215 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 14- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Төраға жария тыңдауларда сөз сөйлегендерге сұрақтар қоюға, қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарасын бiлдiруге, тыңдаулардың регламентiн бұзған тыңдауларға қатысушының сөзiн, сондай-ақ жария тыңдаулардың тақырыбына қатысы жоқ сөздi үзе алады. Төраға жария тыңдаулар өтiп жатқан уақытта тәртіптi бұзған адамға ескерту жасайды. Тәртiптi қайталап бұзған жағдай тыңдауларға қатысушы адам үй-жайдан шығарылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 157 Қаулысымен 15- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Жария тыңдаулардың қатысушылары қаралып отырған мәселелер бойынша өзiнiң көзқарасын бiлдiруге, сөз сөйлеушiлерге сұрақтар қоюға, өз сөзiнде көмекшi материалдарды (плакаттарды, кестелердi және т.б.) пайдалануға және жария тыңдаулардың хаттамасына жазбаша сөздерiн қоса тіркей алады. 16. Төраға тыңдаулардың қорытындысын шығарады және жария тыңдауларды жабады. 17. Жария тыңдаулар қатысушыларының білдiрген пiкiрi ұсынымдық сипатқа ие және назарға алынады. 18. Жария тыңдаулар жүргiзу барысында хаттама жүргiзiледi. Хаттама осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген ақпаратты, сондай-ақ жария тыңдаулардың басталу және аяқталу уақыты туралы мәлiметтердi, тыңдауларда сөз сөйлейтiндердiң аты-жөнi мен сөйленген сөздер мәнiнiң қысқаша мазмұнын және нәтижелерiн қамтуға тиiс. Барлық хаттамалар нөмiрленедi және жеке папкаға тiгiледi. 19. Жария тыңдаулардың хаттамасы тыңдаулар өткен күннен бастап жария тыңдауларды өткiзген уәкілеттi органның мұрағатында үш жыл бойы сақталуға тиiс. 20. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер жария тыңдауларда табиғи монополия субъектiсiнiң келісімiнсiз жария етуге жатпайды. |