“2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасын бекіту туралы”
Осы редакция 2006 ж. 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдар: 1) Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге ақпарат берiп отырсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға жиынтық ақпарат берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн. 4. "2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 14 мамырдағы № 542 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 22, 278-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 5. Бағдарламаның орындалуы жөніндегі бақылау және yйлестiру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы
3.1. Орман шаруашылығының, елдi мекендердi көгалдандырудың қазiргi жай-күйiн талдау 3.2. Жастар ортасындағы қазiргi ахуалды талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi 5.4. Ормандарды молықтыру және орман өсiру, елдi мекендердi көгалдандыру 5.4.1. Ормандарды молықтыру және орман өсiру 5.4.2. Автомобиль және темір жолдардың бойында қорғаныштық орман екпелерiн құру 5.4.3. Гидрографиялық желi, арналар мен су қоймалары бойында орман екпелерiн құру 5.4.4. Елдi мекендердiң жасыл аймақтарын құру 5.4.5. Елдi мекендердi көгалдандыру 5.4.6. Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру 5.5. Бағдарламаны iске асыруға жастардың қатысуы 5.7. Орман орналастыру және жобалау-iздестiру жұмыстары 5.8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 5.9. Орман және бақ-парк шаруашылығы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру 5.10. Бағдарламаны ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету 6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Атауы 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел"
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Бағдарламаның Ормандардың ортаны қорғау және ортаны
Бағдарламаның Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи
Бағдарламаны iске 2005-2007 жылдар Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыруға мынадай қаржы . Бағдарламаны iске Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету, орман
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желiлiк кестесiнiң 16.1.2.-тармағына сәйкес әзiрлендi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында белгiленгенiндей, ормандар алқаптарын ұлғайту, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы негiзгi мiндеттердiң бірi ретiнде алға қойылып отыр. Осыған байланысты елдi көгалдандырудың арнайы бағдарламасы әзiрлендi. Онда ағаш отырғызу жұмыстарын ұлғайту, елдi мекендердi көгалдандыру және түптеп келгенде осы процестерге жастарды тарту арқылы республика аумағының орманды жерлерiн кеңейту жөніндегі негiзгi мақсаттар мен мiндеттер айқындалған. Бағдарламаны әзiрлеудiң көкейкестiлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары айқындаған басым мiндеттердiң алға қойылуы негiз болды, онда қоршаған ортаны қорғау саласында таяудағы он жылға ормандарды сақтауға қатысты мынадай стратегиялық мiндеттер айқындалған: қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру; табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру; экологиялық ағартуды қамтамасыз ету; сондай-ақ қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру саласындағы қазақстан қоғамын топтастыру сияқты мiндеттер айқындалған.
3. Орман шаруашылығының, елдi мекендердi көгалдандырудың қазiргi жай-күйiн және осы бағыттардағы жұмыстарға жастарды тарту мүмкiндiктерiн талдау
3.1. Орман шаруашылығының, елдi мекендердi көгалдандырудың қазiргi жай-күйiн талдау
Барлық ормандар климатты реттеу, орта құру, егiстiк пен топырақ қорғау, су қорғау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайды. Мемлекеттік орман қорының жалпы алқабы 26464,2 мың га. Орман өскен жерлер 12374,1 мың гектарды құрайды, олардың 896,7 мың гектары - жасанды жолмен құрылған орман екпелерi. Қазақстан аумағының орманды жерлерi 4,5% құрайды. Күштi жақтары Орман шаруашылығының негiзгi институттары мен инфрақұрылымы сақталды. Экономиканың орман секторы үшiн негiзгi заңнамалық кесiм - Қазақстан Республикасының Орман кодексi қабылданды. Жаңа Орман кодексiне сәйкес нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлуде. Орман экожүйелерiн қоса алғанда, табиғи-қорық қорын сақтау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесi кеңейтiлуде. Орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргiзiлуде. Орман шаруашылығы үшiн жоғары және арнаулы орта білімдi кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. 2004 жылдың iшiнде орман шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесiн реформалау аяқталды, ол атқарушы билiк деңгейлерi арасында функциялар мен жауапкершiлiктi дәлме-дәл шектеумен, ағаш дайындау және сүрек өңдеу функцияларын бәсекелес ортаға берумен, мiндетi орман шаруашылығы iс-шараларының кешенiн жүзеге асыру және мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу болып табылатын орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерiн құрумен тұжырымдалады. Ормандарды өрттерден және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтан күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында оларды орындау жөніндегі функциялар облыстық атқарушы органдарға жүктелдi. Аталған шараларды жүзеге асыру үшiн олардың қарауына мүлiк кешендерi ретiнде 124 орман мекемесi берілдi. Облыстық атқарушы органдарда ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі құрылымдық бөлiмшелер жұмыс iстейдi. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi құрылды, ол орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады және оның республиканың барлық облыстарында өзiнiң аумақтық органдары бар, сондай-ақ Комитеттiң қарауында республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі бірқатар ұйымдар бар. Орман шаруашылығын басқарудың құрылған жаңа жүйесi орман шаруашылығын жүргiзуге арналған шығындарды қаржыландырудың үш көзiне - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, сондай-ақ заңды тұлға мәртебесi бар орман мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ақылы қызметтер көрсетуiнен қалыптасатын солардың қаражатына ие болу мүмкiндiгiн бередi. Ормандарды сақтау мен молықтыруға бағытталған шараларды күшейту мақсатында соңғы кезде бірқатар үкiмет шешiмдерi қабылданды. Мәселен, Ертіс өңiрiнiң жалды ормандарында екi мемлекеттік орман табиғи резерваты құрылды, яғни бұл ормандарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесi берiлдi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 460 қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге он жылдық мерзiмге тыйым салынды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысымен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрi орман өсiру жөніндегі нормалар мен нормативтер бекітілдi. Соңғы екi жыл бойы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлар құрамының саны нормативтiк мөлшерге жеткiзiлдi. Ормандарды авиациямен қарауылдау да белгiленген нормативтер шегiнде жүргізiлуде. Соңғы жылдары мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды қалпына келтiру көлемi ұлғая түсуде. Мәселен, 2001 жылмен салыстырғанда ол 2 есе ұлғайып, 2004 жылы 20,7 мың га болды. Арал теңiзiнiң қаңсып қалған табанының табиғи түрде жап-жақсы қалпына келiп жатқаны байқалады. Ормандарды қалпына келтiрумен қатар республика бойынша республикадағы 121 питомникте орман тұқымдарын жинау мен көшет материалын өсiру ұлғайып келедi. Осы деректердiң барлығы орманды қалпына келтiрудi одан әрi ұлғайтуды болжауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 1996 жылы Астана қаласының жасыл аймағын құру басталған болатын. Жалпы алғанда, 1997 жылдан 2004 жылға дейiнгi кезеңде 25 мың гектар алқапқа ағаш отырғызылды, оның 8,6 мың гектары коммуналдық меншiкке берiлдi. Әлсiз жақтары Реформалау мен қайта ұйымдастырудың күрделi кезеңi аралығында республиканың орман шаруашылығында қажеттi орман шаруашылығы шараларын орындаудың жоспарлылығы мен дәйектiлiгi бұзылды, бұл ормандардың жай-күйiнiң нашарлап кетуiне әкеп соқты. Орман құрайтын негізгi тұқымдар екпелерiнiң жас топтары бойынша бөлiнуiне жасалған талдау орташа жастағы екпелер - 3029,3 мың га (33%), өсiп-жетiлген және толысып пiскен екпелер - 2886,2 мың га (31%) бәрiнен көп кездесетiнiн көрсеттi. Пiсiп келе жатқан екпелер 2014,1 мың гектарды (22%), ал жас екпелер - 1331,1 мың гектарды (14%) құрайды. Осылай бөлiну тым қатал орман өсiру жағдайлары мен едәуiр мөлшердегi антропогендiк әсер себеп болған ормандардағы табиғи молығу барысының жеткiлiктi дәрежеде ойдағыдай болмай отырғанын, сондай-ақ ағаш отырғызу көлемiнiң жеткілiктi емес екенiн көрсетедi. Өткен кезеңде қылқан жапырақты ағаштардың қарқынды пайдаланылуы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында 1996-2002 жылдары болған iрi орман өрттерi сүрек қорларының азайып кетуiне және ормандардың қорғаныштық және су қорғау қасиеттерiнiң едәуiр жоғалуына, олардың санитарлық жай-күйiнiң күрт нашарлап кетуiне әкеп соқты. |