«Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған
салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 925 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Жоспардың тиісті және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын 30 қаңтар мен 30 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 480-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының мәтініндегі және көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасының 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне», «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі», «Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне», «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі», «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 925 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға
арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Көшіп келу |
1. | Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарды қабылдау және жайластыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын қаңтар | «Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | Республикалық бюджет |
2. | Ақтау қаласында Оралмандарды бейімдеу мен олардың кірігуі орталығын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Еңбекмині | 2007 жылғы маусым | 2007 ж. - 9991,0 2008 ж. - 420042,0 2009 ж. - 180018,0 (құрылыс) | Республикалық бюджет |
3. | «Оралман» дерекқорын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру | Қазакстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), ҮҚК, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын каңтар | «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-кон және демография жөніндегі ақпараттық жүйесін құру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | Республикалық бюджет |
4. | Қазақстан Республикасының көші-кон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау орталықтарын құру туралы мәселені қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | ІІМ (жинақтау), ЭБЖМ, ҮҚК | 2007 жылғы IV тоқсан « | Талап етілмейді | |
5. | Мынадай халықаралық шарттарды жасасу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметі арасындағы Қоныс аудару үдерісін реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қоныс аудару үдерісін реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы; Өзбекстан Республикасымен шекара маңындағы облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарында істеп жүрген мигранттардың еңбек қызметі және әлеуметтік қорғалуы туралы; Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында еңбек көші-қоны үдерістерін реттеу туралы | Келісімнің жобасы | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ | 2006 жьшғы III тоқсан | Талап етілмейді | |
| | Келісімнің жобасы Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ІІМ ІІМ (жинақтау), СІМ, ҰҚК, Еңбекмині | 2006 жылғы IV тоқсан 2006 жылғы IV тоқсан 2007 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді Талап етілмейді Талап етілмейді | |
2. Көшіп кету |
6. | Қазақстан Республикасындағы көшіп кету қозғалысының мониторинпн жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын қаңтар, шілде | Талап етілмейді | |
7. | Босқындардың ерікті репатриациясына жәрдемдесу | Қазақстан Республикасынын Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, СІМ, ҮҚК | Жыл сайын қаңтар | Талап етілмейді | |
3. Ішкі көші-кон |
8. | Ішкі көші-қон мониторингін жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | Еңбекмині (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын қаңтар, шілде | Талап етілмейді | |
4. Көші-қон саласындағы заңнамалық саясат |
9. | Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты тұжырымдамасын қабылдау | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Енбекмині | 2007 жылғы маусым | Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша «Орталық органның» аппараты»кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | Республикалық бюджет |
10. | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Еңбекмині | 2007 жылғы қыркүйек | Талап етілмейді | |
11. | Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), ІІМ, СІМ, ҰҚК | 2006 жылғы қараша | Талап етілмейді | |
12. | Заңнаманы шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілік белгілеу бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазакстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | Бңбекмииі (жинақтау), ІІМ, ҮҚК (келісім бойынша) | 2006 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді | |
13 | Қазақстарның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты қолданыстағы еңбек көші-қоны саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасынын Үкіметіне ұсыныстар | Еңбекмині (жинақтау), СІМ, ИСМ, ІІМ, | 2006 жылғы IV тоқсан | Талап етілмейді | |
5. Халықтың көші-қон процестерін реттеу |
14. | Оралмандардың балаларын елдің мектептерінде, колледждерінде, ЖОО-да оқытуды ұйымдастыруды жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп | БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардын, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын қазан | «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | Республикалык және жергілікті бюджеттер |
15. | Оралмандарға ұлттық заңнаманың құқықтық негіздерін оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру | Еңбекминіне ақпарат | Әділетмині, ІІМ | Жыл сайын қаңтар | Талап етілмейді | |
16. | Көші-қон саясаты мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету | Еңбекминіне ақпарат | МАМ | Жыл сайын қаңтар | Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | Республикалық бюджет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | б | 7 |
17. | Көші-қон мәселелері бойынша өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және симпозиумдарға қатысу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | Еңбекмині(жинақтау), МҚА, СІМ, ІІМ, СА, ҰҚК | Жыл сайын қаңтар | Тартылған қаражат шегінде | Демеушілік көмек қаражаты |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті