|
|
|
«Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшерін бекіту туралы»
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 425-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшері бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 968 қаулысымен Бекітілген
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшерi
1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшері: 1) балалар және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті; 2) өзге де тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды. 2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғандығын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін төленетін алымның мөлшері осы қосымшаның 1-тармағында белгіленген ставканың сексен пайызын құрайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |