«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.11.12. № 129 Қаулысымен күші жойылды
Резиденттердің резидент еместердің бағалы қағаздарын, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуын, резиденттердің резидент еместердің жарғылық капиталына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында салымдар салуын көздейтін операцияларды, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операцияларды лицензиялау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Ұттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-30 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінде: 52-тармақта: 1) тармақшада «(өзі тіркелген аймақта бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі беріледі)» деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшада «;» тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; 3) тармақша алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|