«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 323, 324, 325-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 304-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 646586 мың теңге (алты жүз қырық алты миллион бес жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 5-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаң нормалары туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражаттарынан қаржыланған ұйымдар бойынша жылытуға арналған электр энергиясын, отынды, ыстық және суық сулар мен өзге де коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Қазақстан Республикасы шектерінде мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызмет командировкалары жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базаларын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1106 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитеті мәселелері" 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атом, минералдық ресурстар, мұнай-химия, және атом өнеркәсібін қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету, басқару процесін үйлестіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: лицензиялар беруді қамтамасыз ету, лицензиялық шарттар мен ережелерді сақтауды бақылау; энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлері бойынша біліктілік талаптарын бекітуге инспекция жүргізу; пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесе барлау мен өндіруге оның ішінде мемлекеттік меншікте табылатын техногендік түзілулерге арналған құқықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру; Қазақстан Республикасы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік компьютерлік банк дерекқорын сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану басқармасы мен мониторингінің Біртұтас мемлекеттік жүйесін сүйемелдеу (бұдан әрі - ЖП БМБМЖ); энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлерін лицензиялаудың ақпараттық мониторингтік жүйесін сүйемелдеу; министрліктің WEB-сайтын сүйемелдеу; ақпараттық қорғау деңгейін және құпиялық тәртібін тиісінше қамтамасыз ету; өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлік пен дағдыны жаңарту; энергия тұтыну саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: - Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің орталық аппаратын және оның ведомстволарын 317 бірлік санында және аумақтық органдарды 218 бірлік санында ұстау және қамтамасыз ету; - бір жылға орташа лицензияларды беру - 1140 дана; - компьютерлерді уақтылы сертификациялау жолымен ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету; - кәсіптік деңгейді көтеру - 26 адам. Мемлекеттік тілді оқыту - 73 адам. Ағылшын тілін оқыту - 24 адам; - аумақтық органдарды жиһазбен жарақтандыру - 90%; - атом энергетикасы бойынша комитет үшін 3 жиһаз жинағын сатып алу; - орталық аппарат және оның құрылымдық бөлімшелері үшін құрал-жабдықтарды сатып алу: факсимилді аппараттар - 8 бірлік, көшірме аппараттар - 9 бірлік, қағаз жойғыш - 1 бірлік, түптеуіш машиналар - 5 бірлік, кондиционерлер - 15 бірлік, телефонды аппараттар - 45 бірлік, сейфтер - 4 бірлік, калькуляторлар - 20 бірлік, шкаф - 1 бірлік, ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету: геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық басқармаларында бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізумен Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы; ЖПМБМЖ; энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлерін лицензиялау және мониторингілеу; Министрліктің WEB-сайты; "1С-Бухгалтерия"; - Интернет желісіне қол жеткізу, модем бойынша деректерді беру, байланыстың коммутирленген каналы. Түпкі нәтиже: атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсібін, энергия үнемдеу саласын қоса алғанда, энергетика саласында орнықты дамытуды қамтамасыз ету. Министрліктің және аумақтық органдардың мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру қажеттілігін 4,9%-ға, министрліктің және аумақтық органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға қажеттілігін 13,6%-ға және министрліктің және аумақтық органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне ағылшын тілін оқытуға қажеттілігін 4,5%-ға қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: - министрліктің бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған шығын - 1146,42 мың теңге; - аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған шығын - 822,9 мың теңге; - министрліктің және аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкерінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 9585 теңге; - министрліктің және аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкеріне мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығын - 14987 теңге; - министрліктің және аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкеріне ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығын - 31700 теңге. Уақтылығы: жоспарланған іс-шаралардың бекітілген кестенің мерзімдеріне сәйкес орындалуы. Сапасы: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелген функцияларды орындау; қазіргі экономикалық шарттарға сәйкес, кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру; лицензиялау және лицензиаттардың кемшіліктерін азайту туралы қолданыстағы заңнаманы сақтау; лицензияланатын қызмет түрлеріне үміткер субъектілердің инспекциясын жедел жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 305-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Мұнай-газ жобалары бойынша пайдалану құқығы мердігерлерге берілуі тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15066 мың теңге (он бес миллион алпыс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі объектілердің тізбесі туралы" 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы; "Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Капиталмұнайгаз" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай-газ жобалары шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік мүліктің бухгалтерлік есебін қамтамасыз ету, мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын пайдалану құқығы және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейін мемлекетке мердігер беретін мүліктің есебін қабылдау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу; құны 65 млрд. теңге мемлекеттік активтердің тізілімін жүргізу. Түпкілікті нәтиже: мұнай-газ жобаларында мердігерлер пайдаланылатын мемлекеттік тиісті мүліктің тиісті есебін жүргізу. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 941,7 мың теңге; Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікке өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің шарттарына және концессияның шартына сәйкес активтерді беру жөніндегі міндеттерді орындау жолымен қол жеткізіледі. Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес. Сапасы: "Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті шешім бойынша мердігердің пайдалануында тұрған және Қазақстан Республикасының газ-көлік жүйесі мен шаруашылық қызметінің ішкі және халықаралық концессиясының шарты бойынша концессионерге берілген мемлекеттің мүліктің бухгалтерлік есебін жүргізу" нұсқаулығына сәйкес есепке алуды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 306-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88063 мың теңге (сексен сегіз миллион алпыс үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 18-бабы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы тау-кен және мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға жіберген геологиялық зерттеулердің тиімді жүйесін құру және жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: көмір сутегі шикізаттарының, ірі мыс кен орындарының, қорғасын,, мырыш, алтын, сирек кездесетін металдарын орналасуының өңірлік және локалды заңдылықтарын анықтау; геология барлау жұмыстарын жүргізу үшін техниканың жаңа үлгілерін әзірлеу; геология барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа ғылыми концепциялар мен тәсілдемелерді әзірлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: құрамдас бөліктері 1:500000 масштабында Арал-Каспий өңірінің терең құрылымының картасы; 1:100000 масштабында Қазақстан Республикасының минерагеникалық картасы; Қазақстанның аумағында кен объектілерін тарату заңдылықтарының картасы; Қазақстанның терең құрылымы мен палеодинамикасы негізінде алтын кенішті аудандар мен алқаптарды оқшаулаудың терең факторлары; мұнай және гидрогеологиялық ұңғымаларда көріністі қадағалау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе; палеозой формациялы мұнай мен газға перспективалық литологиялық өлшемдерін зерттеу. Түпкілікті нәтиже: Арал-Каспий өңірінің мұнай-газды перспективаларын бағалау; пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау үшін минерагеникалық негіз; алтын және түсті металдарды анықтаудың перспективалылығы; мұнай өнімдері горизонттарын олардың табиғи астасуында қадағалау жүйесі. Қаржы-экономикалық нәтиже: жер қойнауын пайдаланудың геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы құны (мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша қызметіне ақы төлеуді қоса алғанда) мынаны құрайды: - "минералды-шикізат базаларын дамытудың және оны ақпаратты қамтамасыз ету жағдайы мен болжамын бағалау" бағыты бойынша - 37761 мың теңге; - "Қазақстанның аумағын геологиялық дамыту концепциясын әзірлеу" бағыты бойынша - 21502 мың теңге; Уақтылығы: ғылыми-техникалық әзірлемелерді жүргізудің нақты және белгіленген мерзімдеріне сәйкес. Сапасы: минералды шикізаттар мен көмірсутектерінің маңызды түрлерінің қиын ашылатын кен орындарын олардың ашылуы үшін ғылыми негізін құру жолымен анықтау; пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтау кезінде геологиялық жұмыстардың мерзімдері мен шығындарын қысқарту.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 307-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Отын-энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 699947 мың теңге (алты жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз қырық жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "2004-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы; "2005-2007 жылдары бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атом энергетикасының атомдық ғылымды, техниканы дамытуға және қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылымды қажетсінетін ядролық технологияларды әзірлеу; шикізаттық бағыттан қайтуына ықпал ететін экономиканың салаларын әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін шарттар әзірлеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жетекші атомдық державалардың тәжірибесі есебінен озық технологиялар негізінде Қазақстанда атом саласын ғылыми-техникалық қолдау, радиоэкологиялық зерттеулердің аппаратуралық және әдістемелік базаларын дамыту, қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде радиоактивтік қалдықтармен және ядролық отынмен игерілген тиімді айналыс жүйесін құру, радиофармпрепараттары өндірісінің ұлттық саласын құру, пайдаланудың штаттық және экстремалдық жағдайында ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіп үшін материалдарды, тораптарды элементтер мен құралымдарды сынау және зерттеу, КТМ токамакада оларды құралымдық материалдарды таңдау және сынау режимі бойынша ұсыныстар әзірлеу, термоядролық энергетиканың проблемалары бойынша инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, жаңа технологиялық шешімдер мен ядролық және термоядролық қондырғылардың құралымдарын меңгеру, жаһандық халықаралық жүйенің құрамында геофизикалық мониторинг желілерін одан әрі дамыту, электр энергиясы мен электр тасымалдаушыларды импорттың орнына қолдану, нашар зерттелген және қиын алынатын орташа, шағын кенді және кені жоқ объектілерді кешенді бағалау әдістерін жетілдіру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|