Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымын жетілдіру мақсатында қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген сөздер тиісінше «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;»; 1) тармақшадағы «резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында валюталық құндылықтармен операцияларды» деген сөздер «резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|