«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 366, 367, 368-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 366-қосымша
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7519595 мың теңге (жеті миллиард бес жүз он тоғыз миллион бес жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстықты және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін мемлекеттік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 529, 534, 537-541-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңды бұзушылықты, осындай бұзушылықтарға әкеп соқтыратын себептер мен жағдайларды ең жоғары шамада анықтау және жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адам және азаматтың, заңды тұлға мен мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды заң бұзушылықты анықтау және жою. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі функциялардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық міндеттемелерді жедел орындау және қамтамасыз ету. Шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру. Бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайы туралы мемлекеттік органдарды, заңды тұлғаларды ақпараттармен тиімді қамтамасыз ету. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет жасау. Өздерінің лауазымды міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін ұсынылатын талаптарға сәйкес кәсіби қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық білімін, іскерлігі мен дағдыларын жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: - прокурордың қатысуымен істерді қарау; - жалпы саны 5131 бірлікте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратына және оның аумақтық бөлімшелеріне, жалпы саны 771 бірлік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің орталық аппаратына, жалпы саны 90 бірлік Қазақстан Республикасы прокуратурасының жанындағы қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің орталық аппаратына және оның аймақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді толық түрде орындау; - 771 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 1151 адамға мемлекеттік тілді оқыту; - саны 1025 бірлік жиһазды, саны 536 бірлік сейфтерді, саны 67 бірлік ұйымдастыру техникасын сатып алу; - прокуратура аумақтық органдарының 19 ғимаратында күрделі жөндеу жүргізу; Соңғы нәтиже: - мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 13% арттыруда қажеттілікті қамтамасыз ету және 20%-на мемлекеттік тілді оқыту; - шектелмеген адамдар шеңберінің конституциялық құқықтарын қорғау бойынша және заңдылықтың қолданылуын қадағалау іс-шараларын өткізу; - материалдық-техникалық жарықтандыруымен 100% қамтамасыз ету; - шетелде ұсталған адамдарды экстрадициялауды іске асыру; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтау және жоюға бағытталған бақылау шаралары кешенін өткізу; - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет жасау шараларын өткізу; Қаржы-экономикалық нәтиже: - орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығындары 1749 мың теңге; - аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығындары 1054 мың. теңге; - штаттан тыс бір мемлекеттік қызметкерін ұстауға арналған орташа шығындары 216 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығындары 13,006 мың теңге; - бір мемлекеттік қызметкердің оқуына арналған орташа шығындары 8,713 мың теңге. Уақтылығы: - белгіленген мерзімге сәйкес іс-шараларды уақытылы орындау; Сапасы: - адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда заңбұзушылықтарды ең жоғарғы шамада анықтау және жою; - белгіленген мерзімде сотталғандығы/сотталмағандығы туралы анықтаманы ұсыну және азаматтар өтініштерінің болмауы; - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде елдегі құқықтық тәртіп заңдылығының жағдайы туралы ақпараттармен нақты және тиімді қамтамасыз ету; - заңсыз кірістерді заңдастыру белгілерінің барлығы туралы жасасу үшін нақты негіздерді анықтау; қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқу курстарын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізу өндірісіне ауысқан мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 5%; біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 9%.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 367-қосымша
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Криминалдық және жедел есеп жүргізу жөніндегі мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3335 мың теңге (үш миллион үш жүз отыз бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу бойынша қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары, прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу және өзге де мемлекеттік органдары қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттерін шешу үшін жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: - тұрақты негізде жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу. Соңғы нәтиже: - тергеумен аяқталған немесе жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу нәтижесінде қылмыстардың ашылуын арттыру. Қаржы-экономикалық тиімділік: - жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен алмасу шегінде мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін тікелей пайдаланумен жедел-іздестіру қызметтеріне арналған шығындарды азайту (оңтайландыру). Уақытылығы: - мемлекетаралық ақпараттық банктің мәліметтерін ұстау үшін уақытылы төлемдерді төлеу. Сапасы: - жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалдық және өзге де есепке алынатын мәліметтермен мемлекетаралық алмасу нәтижесінде алынған ақпараттардың уақытылығы және дәлділігімен қанағаттандырылған мемлекеттік органдардың 100%.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 368-қосымша
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесін құру" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 777567 мың теңге (жеті жүз жетпіс жеті миллион бес жүз алпыс жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығы 3-тармағының 2-тармақшасы; "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы № 1374 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Президент әкімшілігін, Парламентті, министрліктерді, ведомстволарды, басқа да мемлекеттік органдарды, жеке тұлғаларды және құқықтық статистика және арнайы есепке алудың өзге субъектілерін қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған адамдар және құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша өзге де мәліметтер туралы толық және шүбәсіз мәліметтермен уақытылы қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: автоматтандырылған ақпараттық мәліметтер базасын құру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәліметтерін жинау, өңдеу, сақтау, жіктеу, талдау, жаңғырту және болжамдау процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша есептерді және өзге де статистикалық және талдау ақпараттарын уақытылы қалыптастыру және беру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: - ведомствоның ДК сервері - 1 бірлік, корпоративтік желімен басқару үшін сервер - 1 бірлік, қолданушылардың жұмыс станциялары - 417 бірлік, арнайы тағайындаудағы жұмыс станциялары - 2 бірлік, локальді принтерлер - 305 бірлік, автобергішпен іркілсіз сканерлеудегі арнайы сканерлер - 2 бірлік, офистік сканерлер - 290 бірлік, іркілсіз жұмыс істеу көздері - 417 бірлік; - СУБД Oracle лицензиясын иелену, Internet Developer Suite, Red Hat Enterprise Lіnux AS, Red Hat Cluster Suite, Red Hat Global File System, Аrc View бағдарламалық жұмыстары, вирусқа қарсы бағдарламалар; - "Арнайы есептер", "Ақпараттық сервис", "Азаматтар өтініштерін бірыңғай есепке алу", "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" автоматтандырылған ақпараттық жүйелер; - қолданушыларды және әкімшілерді оқыту; Соңғы нәтиже: - статистикалық және талдау ақпараттармен өз уақытылы қамтамасыз етілген мемлекеттік органдардың 50%; - құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша өз уақытылы берілген есептер мен өзге де статистикалық және талдау ақпараттарының 100%; Қаржы-экономикалық тиімділік: - автоматтандырылу арқылы өткізілетін жинақтау, өңдеу, ақпаратты талдау шығындарының кемуі; - құқықтық статистика сапасын және нақтылығын жоғарлату; Уақытылығы: - мемлекеттік сатып алуларды өз уақытылы өткізу және қызметтерге келісім тұжырымдау; Сапасы: - алынған ақпараттардың уақытылығы және нақтылығымен қанағаттандырылған құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің 100%. |