«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 383, 384, 385, 386, 387, 388-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 383-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 349082 мың теңге (үш жүз қырық тоғыз миллион сексен екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мәселелері" № 280 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық және суық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері № 1156 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктермен пайдалануды реттеу туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы" № 1706 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметінің деңгейін және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы, мемлекет саясат саласындағы, мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу сапасын арттыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің оқуын және кәсіби қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру, мемлекеттік органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: соның негізінде мемлекеттік органдар сапалық стандартын жасайтын, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізін қалаушы жоба жасау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ең кемі 2 коллегиясын өткізу; мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы бойынша мемлекеттік органдарда ең кемі 5000 рет тексеру өткізу; аумақтық органдардың қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілге 150 адамды оқыту, соның ішінде аумақтық органдарда 122 адам; сатып алу: 1 жиһаз жиынтығын, 1 телевизор, 1 сейф, 17 тоңазытқыш, 7 ауа баптағыш, 30 кресло, 14 сөрелер; сатып алу: көшпелі компьютер, 50 компьютер, 50 принтер, 50 үздіксіз қорек көздері. Түпкі нәтижелер: азаматтардың шағымдары мен талаптарын қысқарту; мемлекеттік қызметтің кәсіби-оқыған персоналы деңгейі жоғарылайды; республика мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саны қысқарады; рұқсат беру және өзге де құжаттарды беру кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық айтарлықтай қысқарады; республика мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саны қысқаруы. Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін ұстау - жылына 1489,0 мың теңге; аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметшісін ұстау жылына - 1199,5 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін жоғарылатуға орташа шығындар - 12,8 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту бойынша орташа шығындар - 4,6 мың теңге. Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген функцияларды мерзімінде орындау. Сапасы: мемлекеттік стандарттар негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жақсаруы; қазіргі кездегі экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыған мамандар үлесі жұмыс істейтіндердің жалпы санының орталық аппаратта 60%-ын, аумақтық органдарда 60%-ын, кәсіби білім деңгейін арттырғандар аумақтық органдарда 23,5%-ын құрайды.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 384-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуі" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 83578 мың теңге (сексен үш миллион бес жүз жетпіс сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық және суық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері" № 1156 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктерін пайдалануды реттеу туралы" № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу мемлекеттік мекемесінің мәселелері" № 50 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің, және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" № 1428 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен кадрлық резерві жөніндегі деректерді жаңарту, барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді және аттестациялауды қамтамасыз ету; ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету, ақпараттық Web-сайтты әкімшілендіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және оның бұдан әрі жетілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді және аттестациялауды өткізу, 17 өңірлік орталықтарда жергілікті және желілік инфрақұрылымдарды техникалық қолдау және алып жүру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сатып алу: 10 серверлер, 100 жұмыс станцияларын, 10 принтерлер, 10 экранаралық қорғау экрандарын, 10 маршрутизаторлар, 10 қоректендіру көздерін, 1 көшірме аппаратын, 18 ауа баптағыштарын, 35 материалды емес активтерді. Түпкі нәтиже: орталықтардың өткізу қабілеті артады, ол жылына кемі 80 000 адамды тестілеуден өткізуге мүмкіндік береді. Республиканың барлық азаматтары кез-келген облыс орталығындағы тестілеу арқылы бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға тең қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметтерін ақпараттық және техникалық қолдау, мемлекеттік қызметшілердің тестілеуден және аттестациялаудан өтуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар кадрлық қызметтерін бірыңғай ақпараттық ортаға біріктіру, өңірлік орталықтардың жергілікті желілерін бір гетерогенді көлік құралына біріктіру, ИСУК жүйесінің электронды қызмет көрсетуінің бірыңғай нысанын әзірлеу және ұсыну. Қаржы-экономикалық нәтиже: бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарға орналасу үшін конкурс бойынша және аттестациялау бойынша бір тестілеуден өткізудің құны 1044,72 теңгені құрайды. Уақтылығы: орталықтардың өндірістік әлеуеті барлық 17 орталықта кез-келген уақытта бір мезгілде жергілікті және қашықтан тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Сапасы: мемлекеттік қызметке түсу кезінде тестілеуден өтуге, сондай-ақ аттестациялау бойынша барлық ниет білдіргендерді 100% қанағаттандыру.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 385-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 23 ақпанындағы "Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы-ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері" № 145 Қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4 Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдар жұмыстарының сапасы мен әсерін зерттеу және бағалау жүргізу арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың қанағаттану деңгейін және мемлекеттік қызметшілер жұмыстарының тиімділігін арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, мемлекеттік қызмет саласында қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік органдар көрсететін қызметтің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкі нәтижелер: мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын жасау бойынша ұсыныстар. Түпкі нәтижелер: мемлекеттік қызметтердің бағасы төмендеуі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын жетілдіру, тренингтер өткізілгеннен кейін тұтынушылардың пікірі негізінде бағалау жүйесін енгізген мемлекеттік органдар санының 0-ден 50% дейін (яғни кемі 12-ден 6) артуы; мемлекеттік органдар мөлдірлігінің орта есеппен 15% (65%-дан 80% дейін) артуы; уақытылы қаралған құжаттардың саны 20% (75%-дан 95% дейін) артуы. Қаржы-экономикалық нәтиже: тақырыпты зерттеу бойынша шығындар 6000 мың теңге. Уақтылығы: жасалынатын келісім-шарттар негізінде. Сапасы: жасалынған стандарттар негізінде мемлекеттік қызметтер сапасы жоғарылауына мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттерге қызмет уақытының қысқаруына алып келетін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 386-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру" деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 462274 мың теңге (төрт жүз алпыс екі миллион екі жүз жетпіс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы Ережесі; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Үкіметтің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің, және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктерін пайдалануды реттеу туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын мемлекеттік қызметінің жоғары кәсіби кадрларымен, дипломатиялық қызмет персоналымен, судьяларымен, сот жүйесі және прокуратура органдарына қызметкерлерімен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазіргі заманның талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік және жергілікті басқарудың кадрлық саясаты саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу, мемлекеттік қызметке мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен облыстағы аймақтық орталықтардың әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету және қызметтерін үйлестіру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|