|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесінде: тақырыбындағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшадағы «валюталармен» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) ақша нарығы қорларымен». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |