|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу және
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт нәтижесінде зардап шеккен Бесқарағай ауданының Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының әкіміне бөлу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жалпы сомасы 250000000 (екі жүз елу миллион) теңге нысаналы трансферттер бөлінсін. 2. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 02 «Қорғаныс» функционалдық тобында «Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» ішкі функциясында 202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» әкімшісі бойынша шығындар өрт нәтижесінде зардап шеккен Бесқарағай ауданы Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға 250000000 (екі жүз елу миллион) теңге сомасына ұлғайтылсын; 13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында шығындар 250000000 (екі жүз елу миллион) теңге сомасына азайтылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |