|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1937 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы № 997 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесі Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген немесе тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі - шетел азаматтары) медициналық көмек алу тәртібін айқындайды. 2. Шетел азаматтарына медициналық көмекті олардың келген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді. 3. Шетел азаматтарының медициналық көмек алуы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шетел азаматтары денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтарға ие болады және міндеттерді орындайды. 4. Егер Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шартында шетел азаматтарының медициналық көмек алуының өзге тәртібі белгіленген жағдайда, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 5. Шетел азаматтарының медициналық көмек алуына немесе олардың көрсетілген медициналық көмек үшін шоттарды уақтылы төлемеуіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
2. Шетел азаматтарының медициналық көмек алу тәртібi
6. Шетел азаматтарына медициналық көмек жедел медициналық көмек, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық көмек және стационарды алмастыратын көмек пен санаторийлік-курорттық емдеу нысанында ұсынылады. 7. Шетел азаматтарына жедел медициналық көмекті денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар аурулар немесе шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдайлар туындаған кезде денсаулыққа айтарлықтай зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қатерді жою үшін ұсынады. Шетел азаматтары жедел медициналық көмекті мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен тегін алады. 8. Шетел азаматтарына тегін медициналық көмек Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне сәйкес ұсынылады. 9. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесіне енбейтін медициналық қызметтер (бұдан әрі - ақылы медициналық қызметтер) шетел азаматтарына олардың жеке қаражатының, оларға жұмыс берушілер қаражатының, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен ұсынылады. 10. Шетел азаматтары ақылы медициналық қызметтерді өздерінің тұратын жерлеріне қарамастан алады. 11. Емдеу аяқталғаннан кейін шетел азаматтарына емдеу мерзімі, сондай-ақ жүргізілген диагностикалық және емдеу қызметтері көрсетіле отырып, тиісті медициналық құжаттар қолдарына беріледі. Шетел азаматтарымен келісім бойынша медициналық құжаттар олардың мекен-жайына немесе олардың мүдделерін білдіретін заңды не жеке тұлғалардың мекен-жайына жіберілуі мүмкін. 12. Шетел азаматтарының уақытша еңбекке жарамсыздығы фактісін куәландыру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақты немесе анықтаманы ұсыну жолымен жүргізіледі. 13. Шетел азаматтарында әлеуметтік елеулі аурулар мен айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар анықталған жағдайда оларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |