|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 5-тармақта: «Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;»; «Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»; «Жәкішев Мұхтар Еркінұлы - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-тың президенті» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |