|
|
|
«Ғылым қоры» акционерлік қоғамын құру туралы»
Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні елдегі ғылыми зерттеулердің практикалық іске асырылуын қамтамасыз ететін басымды, бастамашылық, тәуекелді зерттеулердің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың дамуына жәрдемдесу болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға заңнамада белгіленген тәртіппен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 51500000 (елу бір миллион бес жүз мың) теңге бөлсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп: 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 51500000 (елу бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-80-жолмен толықтырылсын: «21-80. «Ғылым қоры» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-37-жолмен толықтырылсын: «222-37. «Ғылым қоры» АҚ»; 3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын: «21. Ғылым қоры». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |