Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
Осы редакция 2006 ж. 7 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi (бұдан әрi Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшiн мониторингтi жүзеге асыру және мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борышты басқару мақсатында жүргiзіледi. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк); Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрi - мемлекеттік қарыздар); 2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдiк берген қарыздары (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар); 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiктерi (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) тiркеуге және есепке алуға жатады. 2. Үкiметтiк қарыздарды тiркеу мен есепке алу 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу: қарыз шартын жасасу нысанында - қарыз шарты негiзiнде жүзеге асырылады; халықаралық капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және олардың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізiнде жүзеге асырылады; ішкі капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлік қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгi күнi жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 8. Мынадай нысанда тартылған үкiметтік қарыздарды тiркеу: қарыз шартын жасасу - оған қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде жүзеге асырылады; мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - ол орналастырылғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады. 3. Ұлттық Банктiң қарыздарын тiркеу мен есепке алу 9. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу мен есепке алу: 1) қарыз шартын жасасу нысанында - тiгiлген және Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылған қарыз шартының көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады; 2) ішкi капитал рыноктарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нысанында - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқы орналастырудың нәтижелерi және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" акционерлік қоғамының бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті органға оның көлемi туралы растауы негiзiнде оларды орналастырғаннан кейiнгі күнi жүзеге асырылады. 10. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды тiркеу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшін орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздарын тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 11. Ұлттық Банк тартқан қарыздарды есепке алу (айналымдағы ақша базасын реттеу үшiн орналастырылатын Ұлттық Банктің қысқа мерзiмдi ноталарынан басқа) қарыз шартының негiзгi есептiк сипаттамаларын дерекқорға енгізу немесе Ұлттық Банктiң бағалы қағаздарын орналастыру (қарыздың нөмiрi және оның ресiмделген күні, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 12. Ұлттық Банк өзi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жүргiзiлгеннен кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органға ұсынады. 13. Ұлттық Банктің қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 4. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу мен есепке алу 14. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тіркеу мен есепке алу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады. 15. Жергілiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 16. Жергiлiктi атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын дерекқорға енгізу (қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит берушi, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) жолымен жүргiзiледi. 17. Жергiлiктi атқарушы органдар өздерi тартқан қарыздарды тiркеу үшiн осы Ереженiң 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады. 18. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын тiркеу тиiстi құжаттар ұсынылғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік кепiлдiктердi және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу мен есепке алу 19. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттік кепілдiктердi тiркеу мен есепке алу: мемлекеттік кепiлдiктің арнайы бланкілерiнде ресiмделген кепiлдi мiндеттеме - оны Кредит берушiге берген сәтке дейiн кепiлдiк түпнұсқасының негiзiнде жүзеге асырылады; кепiлдiк шарты - кепiлдiк шартының негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады. 20. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жүзеге асырылады. 21. Қарыз алушылар өздерi тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшін қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қарыз шартына қол қойылғаннан кейiн 15 күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органға ұсынады. 22. Мемлекеттік кепiлдiктердi тiркеу кепiлдiкке тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекеттік кепiлдiктердiң тiзілiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 23. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың тiзiлiмiне енгізу жолымен жүзеге асырылады. 24. Мемлекеттік кепiлдiктердi есепке алу мемлекеттік кепiлдiктiң негiзгi есептiк сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және оның ресiмделген күнi, кепілдiктiң нөмiрi және оның тiркелген күнi, оған кепiлдiк берiлген валюта және сома, кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. Қарыз алушы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекеттік кепiлдiк гарантқа қайтарылуға жатады. 25. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негiзгi есептік сипаттамаларын (кепiлдiктiң нөмiрi және берiлген күнi, қарыздың нөмiрi және оның ресімделген күнi, қарыздың түрi, кредит беруші, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзiмi, сыйақы ставкалары) дерекқорға енгізу жолымен жүргiзiледi. 26. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу қарыз алушы тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн 10 күн iшiнде жүзеге асырылады. 27. Қарыз шарттарын жасасу нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды және мемлекеттік қарыздарды тiркеу кезiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган қарыз алушыға осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысандағы тiркеу куәлігін бередi. 28. Тiркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негiзiнде мемлекеттік кепiлдiктердi, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарды тiркеу жүргізілген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат осындай өзгерістер енгізілгеннен кейiн 10 күн iшiнде есепке алу үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынылуы тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу мен есепке алу ережесіне 1-қосымша N_______тiркеу куәлiгi
(кредит берушінің атауы, орналасқан орны)
(қарыз алушының атауы, орналасқан орны)
(басталған күні - аяқталған күні (пайдалану мерзімі)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарын тіркеу мен есепке алу ережесіне 2-қосымша N_______тiркеу куәлiгi
|