«Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы»
Осы редакция 2006 ж. 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын. 2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Өгем, Төле би, Түлкібас ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт және Төле би аудандарының аумағындағы босалқы жер санатынан жалпы алаңы 11100 гектар жер учаскесі алынып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалану құқығымен мекемеге берілсін. 5. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қорының санатына жатқызылсын. 6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерінің айналасында күзет аймағын белгілесін. 7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін. 8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен: 1) мекеме туралы Ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 9. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте тиісті жылға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға көзделетін қаражат есебінен және шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін. 10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлімде: «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 46» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 105"; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын: «21-1. «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі»; 3) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 30, 387-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-1-жолмен толықтырылсын:
реттік нөмірлері 106 және 111-жолдар алынып тасталсын. 11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысына Қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жер учаскелерінің экспликациясы
|