|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында: 01 «Әлеуметтік қамсыздандыру» ішкі функциясында: 213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» әкімшісі бойынша: 004 «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасында: 104 «ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері» кіші бағдарламасындағы «116 114» деген сандар «121 114» деген сандармен ауыстырылсын; 105 «Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері)» кіші бағдарламасындағы «338 581» деген сандар «358 581» деген сандармен ауыстырылсын; 108 «Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшілері» кіші бағдарламасындағы «3 087 000» деген сандар «3 287 000» деген сандармен ауыстырылсын; 110 «І және II топтағы мүгедектер» кіші бағдарламасындағы «5 024 628» деген сандар «5 019 628» деген сандармен ауыстырылсын; 113 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр-ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар» кіші бағдарламасындағы «5 634 441» деген сандар «5 434 441» деген сандармен ауыстырылсын; 114 «Төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар» кіші бағдарламасындағы «8 549 996» деген сандар «8 529 996» деген сандармен ауыстырылсын; 02 «Әлеуметтік көмек» ішкі функциясында: 007 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасында: 100 «Бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар» кіші бағдарламасындағы «4 321 800» деген сандар «4 371 800» деген сандармен ауыстырылсын; 101 «Бір жасқа дейінгі баланы күту yшін төленетін мемлекеттік жәрдемақылар» кіші бағдарламасындағы «6 339 665» деген сандар «6 289 665» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында: көрсетілген қаулыға 130-қосымшада: 2-тармақ «13-бабы;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12, 16-баптары;» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 145-қосымшада: 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «2005 жылғы 10 наурыздағы № 2-121/05» деген сөздер «2006 жылғы 25 қаңтардағы № 2-33/06» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |