|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы( Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «II. Шығындар» бөлімінде: 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 9 «Басқалар» ішкі функциясында: 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша: 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында: 100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында «3596978» деген сандар «1764978» деген сандармен ауыстырылсын; 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында «14782814» деген сандар «16614814» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |