«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» (2006.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін; 2) бір ай мерзімде «Самұрық» холдингі» АҚ-ның тәуелсіз директоры лауазымына екінші кандидатура бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегi № 257 қаулысына Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 603 қаулысымен қосымша толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.20.10. № 1013 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегi қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы
|