Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
Осы редакция 2006 ж. 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) уәкiлеттi органның азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібін белгілейдi. 2. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң мiндеттi құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерiн жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесiнiң бортында қабылдау-өткізу актiсi және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жерiне дейiн айдап апаруға ғана рұқсат етiледi. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) уәкілеттi орган - өзінің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы; 2) ұшу жарамдылығы сертификаты - азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде уәкiлеттi орган берген құжат; 3) үлгi сертификаты - уәкiлеттi орган берген, әуе кемесi, авиация кемесi, авиациялық қозғалтқыш үлгiсінің және жаңа үлгілердегi әуе винтiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын құжат; 4) әуе кемесiнiң, қозғалтқыштар мен негiзгi агрегаттардың формуляры - авиациялық техниканың пайдаланымын (күнтiзбелiк, сағаттық және қонулар бойынша) және оның техникалық жай-күйiн есепке алуға арналған негiзгi құжаттар. 2. Ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібi мен шарттары 4. Ұшу жарамдылығы сертификатын осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган бередi. Ұшу жарамдылығы сертификатын алу үшін өтiнiш берушi уәкілеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес өтiнiш және мынадай құжаттар ұсынады: 1) үлгi сертификатының көшiрмесi; 2) азаматтық әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; 3) уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсi; 4) егер әуе кемесi жалданатын болса, жалға алу туралы шарттың немесе сатып алу-сату шартының көшiрмесi; 5) қабылдау-өткізу актісiнiң көшiрмесi; 6) ұшуға жарамдылығы туралы экспорттық куәліктің көшiрмесi (егер әуе кемесi Қазақстан Республикасына импортталса); 7) әуе кемелерiн жасайтын зауыттың, конструкторлық бюроның әуе кемесiнің ресурсын анықтайтын шешiмнiң түпнұсқасы немесе кез-келген басқа құжаты. 5. Әуе кемесiнiң шетелдiк мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификаты оларға сәйкес ол берілген немесе күшіне енген талаптар Қазақстан Республикасы белгiленген стандарттарға жауап берген жағдайда Қазақстан Республикасында күшiнде деп танылады. 6. Әуе кемесiне шетелдiк мемлекет берген ұшу жарамдылығының Қазақстан Республикасында күшiнде деп танылған сертификатына уәкiлетті орган осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын күшінде деп туралы шешiм бередi. Азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының сертификатын күшіндe деп тану туралы шешiм алу үшін өтініш берушi уәкiлетті органға осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш, сондай-aқ мынадай құжаттарды ұсынады: 1) әуе кемесiн тiркеу туралы куәлiк; 2) ұшу жарамдылығы сертификаты; 3) пайдаланушы сертификатының көшiрмесi және оның пайдалануға рұқсаты бар әуе кемелерiнiң үлгілерi көрсетілген толықтырулары; 4) әуе кемесiнiң ұшулардың зиянды әсерiнен қорғау жөніндегі талаптарға сәйкестiгi сертификаты; 5) экспорттаушы мен импорттаушының авиациялық билiк органдары арасындағы әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтау рәсiмдерiн анықтау жөніндегі келісім; 6) әуе кемесiн және қозғалтқыштарды жасаушылармен Ұшу және техникалық пайдалану бюллетендерi бойынша басшылыққа барлық түзетулердi, әуе кемесiн қауiпсiз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директиваларын уәкілеттi органға мiндеттi түрде жiберу туралы шарттың көшiрмелерi; 7) әуе кемесiн қайта жабдықтау жөніндегі құжаттардың көшірмелерi (егер үлгi қайта жабдықталса). 7. Өтініш берушi ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген жауапкершілiк алады. Өтiнiш берушi құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оларды 7 жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге қайтарады. Бұл ретте, өтiнiш берушi уәкілеттi органға қайтадан өтiнiш беруге құқылы. Уәкiлетті орган осы Ережеге сәйкес өтiнiш берушi ұсынған барлық құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей, ұшу жарамдылығы сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 8. Ұшу жарамдылығы сертификатын абайсызда бүлдiріп алған, жоғалтқан, ұрлатқан жағдайда әуе кемесiн пайдалану дереу тоқтатылуы тиiс. Ұшу жарамдылығы сертификатының көшiрме нұсқасын алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлетті органға осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш және өтiнiш бepушi жүргiзген қызметтiк тексеру материалдарын ұсынады. 9. Уәкілеттi органға қарауға берілетiн құжаттардың көшiрмелерi нотариалды расталған болуы тиiс. 3. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау (тексеру) 10. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылауды (тексерудi) жүзеге асыру кезiнде уәкілеттi органның өкiлi: әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн; әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн; әуе кемесiнiң, қозғалтқыштар мен негiзгi агрегаттардың формулярын; әуе кемесiне бюллетендердiң және түзетулердiң орындалуын; регламенттiк жұмыстардың, әуе кемесiн жөндеудiң немесе ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстардың орындалуын; әуе кемесiнiң және оның агрегаттарының pecурстары мен қызмет ету мерзiмдерiн тексередi. Әуе кемелерiн бақылауды (тексерудi) уәкiлетті орган жылына кемiнде екi рет, көктемгі-жазғы және күзгi-қысқы навигациялар кезiнде жүзеге асырады. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау пайдаланушының инженерлiк-техникалық персоналының тiкелей қатысуымен жүзеге асырылады. 11. Әуе кемесiнің ұшу қауiпсiздігі сертификатының талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда ұшу жарамдылығы сертификаты заңнамада белгiленген тәртіппен қайтарылып алынуы немесе ұшу жарамдылығы сертификатын берген мемлекеттік орган оның күшін уақытша тоқтата тұруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1386 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы |