Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2008.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 490 бұйрығымен күші жойылды
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1492 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., № 25, 439-құжат); 2) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2580 тіркелген); 3) «Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі № 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 19 шілдедегі № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2990 тіркелген). 3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|