|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 208-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 7-жолда: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Есептеу және телекоммуникация техникасына шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектер және жинақтаушы заттар сатып алу»; үшінші абзац «Есептеу техникасын» деген сөздерден кейін «және телекоммуникация жабдықтарын» деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін басып шығарып, оларды микропроцессорға (чипке) енгізіп жеке басын куәландыратын электрондық құжаттарға көшуді 2007 жылы ұйымдастыру үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуі бар арнайы жабдықты: чипті кодтап жеке куәліктерді дербестендіру жүйелерін, чипті кодтайтын паспорттық принтерлер, қолтаңбаны басуға арналған планшеттер, паспорттар мен жеке куәліктердің машинамен есептеу аймағын есептеуіштерді, жиынтықтағы цифрлы камераларды сатып алу"; жетінші абзац алынып тасталсын; 7-тармақта: Тікелей нәтижеде: «40; 55» деген сандар «52; 91» деген сандармен ауыстырылсын; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «есептеу техникасын және телекоммуникация жабдықтарын сатып алу»; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «лицензиялық бағдарламалық өнімдер сатып алу»; он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу саны кемінде 661065-ті құрайды»; Қаржы-экономикалық нәтижеде: алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің біреуін өткізуге арналған шығындар орта есеппен 750,36 теңгені құрайды;»; 2) көрсетілген қаулыға 213-қосымшада: 7-тармақтың Тікелей нәтижесінде: үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша өткізілген ғылыми зерттеулер, конференциялар және семинарлар саны - 3; құқықтық тақырып бойынша шығарылған оқу құралдары мен басқа да әдебиеттер саны 2000000-ға жуық, телехабарлар және бейнефильмдер кемінде 10»; 3) көрсетілген қаулыға 215-қосымшада: 4-тармақта «облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарында» деген сөздер «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта «облыстардағы» деген сөздерден кейін «, Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта «Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша» деген сөздердің алдынан «облыстарда, Астана және Алматы қалаларында» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |