|
|
|
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 441-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2003 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 441-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 172551 мың теңге (бір жүз жетпіс екі миллион бес жүз елу бір мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау; 2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету. Түпкі нәтиже: Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету; Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 66,0 мың теңге; 2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 46,7 мың теңге; 3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге. Уақтылығы: 1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау; 2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту; Сапасы: 1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі; 2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%; 3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |